27 мамыр 2015 | 08:51

Нұрсұлтан Назарбаев Бердібек Сапарбаевты қабылдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Akorda.kz © Akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Бердібек Сапарбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев Бердібек Сапарбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Премьер-Министрдің орынбасары Мемлекет басшысына тапсырмалардың жүзеге асырылуы, әлеуметтік саладағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады.

Қазақстан Президенті азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін мемлекет күш-жігер жұмсап отырғанына назар аударды.

"Бизнес пен жұмыспен қамтудың "жол картасын" және "Нұрлы жолды" қоса алғанда, барлық бағдарламалар тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған, бұл мемлекеттің алдында тұрған басты міндеттің бірі болып саналады. Бұл орайда, өңірдегі халық жергілікті биліктің осы бағытта қабылдап жатқан шаралары туралы хабардар болуы керек. Әкімдіктер кәсіпорындардың кадрға деген қажеттілігін қадағалап, кәсіпкерлік субьектілерінің ашылуына, қосымша өндірістердің іске қосылуына ықпал еткені жөн. Ірі кәсіпорындар жаңа технологияларды, инновацияларды енгізу есебінен жұмыс орындарын қысқартуда. Мұндай жағдайда қызмет көрсету саласы, шағын және орта бизнес жұмыс беруші рөлін атқаруы тиіс", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін балаларды мектепке дейінгі мекемелерімен толық қамтуды, апаттық жағдайдағы және үш ауысымдық мектептерді жоюды, кадр даярлауды отандық экономиканы мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды ескере отырып, келісім негізінде жүргізуді тапсырды.

Қазақстан Президенті жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттары мен өндірістік кәсіпорындардың негізінде ғылыми-өндірістік кешендер құрудың да маңыздылығын атап өтті. Ол бес институционалдық реформаның маңызын және "100 қадам" іс-қимыл жоспарын сапалы орындау қажеттігін айтты.

Сапарбаев биыл жұмыспен қамтуға белсенді жәрдем ету шаралары 320 мың адамды немесе жұмыссыздар мен өнімсіз жұмыспен қамтылғандардың 25 пайызын қамтитынын, бұл жұмыссыздық деңгейін 5,2 пайыз шамасында ұстап тұруға мүмкіндік беретініне тоқталды. Премьер-Министрдің орынбасары еңбекпен қамту саласындағы ахуалдың өзгеруіне дер кезінде ықпал ету үшін былтырдан бері жағдайы мүшкіл 199 кәсіпорынды күн сайын мониторингілеу жүргізіліп отырғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, ақпан айында бүкіл республика бойынша өңір әкімдері мен жұмыс берушілер арасында жұмысшыларды жұмыстан босату жайттарын болдырмау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасала бастағанын айтты.

Премьер-Министрдің орынбасары алдағы бес жылда денсаулық сақтау саласын дамытудың басты бағыттары осы саланың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, бастапқы медициналық-санитарлық жәрдемді жетілдіру, аурулар түрлерімен жұмыс жүргізу бағдарламасын енгізу, ұзақмерзімді жоспарлау негізінде саланың кадрлық әлеуетін нығайту болатынын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.14  course up  545.85  course up  5.03  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer