27 мамыр 2015 | 15:04

Киіктер "ажалды жол" үшін қырылып жатыр - депутат

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© mgov.kz © mgov.kz

Киіктердің қырылуы туралы тақырып бүгін Парламент Мәжілісінде қозғалды. Олар бұл сұрақтың қазір халықты алаңдатып отырғанын мәлімдеп, ауыл шаруашылығы вице-министрінен бұл үдерісті қалай тоқтатуға болатынын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Киіктердің қырылуы туралы тақырып бүгін Парламент Мәжілісінде қозғалды. Олар бұл сұрақтың қазір халықты алаңдатып отырғанын мәлімдеп, ауыл шаруашылығы вице-министрінен бұл үдерісті қалай тоқтатуға болатынын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі таңда қырылған киіктердің саны 100 мыңға таяп қалды. Себебі пастереллез болып отыр. Біздің мамандардың мәліметіне қарағанда, пастереллезден де басқа себеп болуы мүмкін, сондықтан бұл мәселеге қатысты біз бүгінгі таңда Италия мен өзге де елдерден мамандарды тарттық. Олар қажетті зерттеулерді жүргізеді және сол зерттеулердің қорытындысына сәйкес тиісті шараларды қолға аламыз", - деді төменгі палатаның кеңейтілген отырысы барысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров.

"Сұрақ өте орынды, маңызды, жүйелі сипатқа ие, ол жылдан жылға жалғасып келеді. Бұл мәселенің шешімін табу керек", - деді Мәжіліс спикері Қабиболла Жақыпов.

Бұл мәселеге қатысты депутат Алдан Смайыл да өз ойымен бөлісті. Оның ойынша, жануарлардың қырылуы "Байқоңыр" ғарыш айлағымен, дәлірек айтқанда "Протон" зымыранымен байланысты.

"Біз Байқоңырдан ұшырылатын "Протонның" бағытын жақсы білеміз - ол Ақмола облысының жері, Алтай және содан әрі қарай кетеді, тап сол бағытта көктем кездері жаппай көші-қон болды, тап сол жол мың және мыңдаған жануар үшін ажалды болды. Сондықтан ол қауіп қазір күшейіп келеді және мен, сіздер жол бағытта жұмыс жүргізбейсіздер ме деп қорқамын", - деді Смайыл вице-министрден оның ведомствосында жануарларды қорғаумен айналысатын қызметтің бар-жоғын сұрап.

"Менің ойымша, уланған өсімдіктердің өзі жаппай қырылуға себепші болуы мүмкін. Сіздер өсімдіктер карантинін жариялауға тиісті емессіздер ме", - деді депутат.

Омаровтың айтуынша, ондай қызмет бар, дегенмен ведомство өсімдіктер мен жануарлардың жағдайын үнемі бақылап отыратын мекеме құруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, осыдан бір күн бұрын ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мейірбек Молдабеков "Протонның" құлауы мен киіктердің қырылуы арасында тікелей байланыс жоқ деп мәлімдеді. Алайда ол бұл мәселеге қатысты ғылыми зерттеу жүргізу қажеттігін айтты.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.14  course up  545.85  course up  5.03  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer