28 мамыр 2015 | 15:59

Ресейлік ведомство Қазақстанда жаппай қырылып жатқан киіктерге байланысты алаңдаушылық танытты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© givotnie.com © givotnie.com

Ресейдің ауыл шаруашылығын бақылау федералдық қызметі Қазақстанда жаппай қырылып жатқан киіктерге байланысты аса алаңдаушылық танытты, - деп хабарлайды РИА Новости. Ресейлік ведомстводағылар Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығының киіктер пастереллезден қырылып жатыр деген мәліметіне қатысты түсінік берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің ауыл шаруашылығын бақылау федералдық қызметі Қазақстанда жаппай қырылып жатқан киіктерге байланысты аса алаңдаушылық танытты, - деп хабарлайды РИА Новости. Ресейлік ведомстводағылар Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығының киіктер пастереллезден қырылып жатыр деген мәліметіне қатысты түсінік берді.

Еске сала кетейік, Қазақстанда қырылған киіктердің саны 112 475-ке жетті. "Осыған байланысты Ресейдің ауыл шаруашылығын бақылау федералдық қызметі киіктердің жаппай қырылуына аса алаңдаушылығын білдіреді, аусыл, ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасы, сонымен қатар, қойлар мен қозылардың шешегі сынды қауіпті дерттер жаппай қырылу себептерінің бірі ретінде бейберекет тарауы мүмкін, себебі жануарлар бұл дерттерден ада емес Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағына қоныс аударады", - деп хабарлады федералдық қызмет. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің 2015 жылы Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында киіктердің жаппай қырылу себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құруды тапсырғаны белгілі болып отыр. 

Еске сала кетейік, киіктер 11 мамырдан бастап жаппай қырыла бастады. ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қызметкерлері сол күні Қостанай облысы Амангелді ауданы Жолабай аумағында белгісіз себептен мерт болған шамамен 100 киіктің ұшасын тапты. Бір айдың ішінде олардың саны мың еседен артты. Киіктер қырылмай тұрғанда Қазақстанда олардың саны 300 мыңнан жоғары болған.

 

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.14  course down  545.85  course up  5.03  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer