28 мамыр 2015 | 18:59

Оқушыға тап берген шымкенттік мұғалім қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
YouTube видеоролигінен алынған кадр YouTube видеоролигінен алынған кадр

Интернетте "жұлдызға айналған" шымкенттік мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әл-Фараби аудандық прокурорының орынбасары Асқар Меңлібаевқа сілтеме жасап. Еске сала кетейік, осыдан бір күн бұрын Интернетте баланы бірнеше рет қылқындырып, оны бүкіл сыныптың алдында қорлаған мұғалімнің әрекеттері жазылған видео пайда болды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Интернетте "жұлдызға айналған" шымкенттік мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әл-Фараби аудандық прокурорының орынбасары Асқар Меңлібаевқа сілтеме жасап. Еске сала кетейік, осыдан бір күн бұрын Интернетте баланы бірнеше рет қылқындырып, оны бүкіл сыныптың алдында қорлаған мұғалімнің әрекеттері жазылған видео пайда болды.

Шымкенттегі Әлішер Навои атындағы №11 мектептің математика мұғаліміне қатысты сотқа дейінгі өндіріс "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау" бабы бойынша басталды. Прокурордың мәліметінше, 26 жастағы Жұлдыз Нәметова сабақ үстіндегі 6 сынып оқушысының бұзақылығына осылай жауап берген. Әйел ашу үстінде балаға айқайлап, оның қолынан сүйреп, бетіне заттарын лақтырған. Мұның барлығы мамыр айының басында №11 мектепте болған, оқушының сыныптастары болған жайтты телефонның камерасына түсіріп, Интернетке жариялады. Мұғалім Интернетте "жұлдыз бола сала", жұмыстан өз еркімен кету туралы өтініш жазыпты.

Мұғалімнің бұл қылығын оның әріптестері де қызу талқыға салды. Алайда бұл оқиғаның тап шымкенттік мектепте болғанына облыстық білім басқармасының басшысы сенбеді. "Бұл дерек Интернетте талқыланды. Ол Шымкентте болмаған. Әрине, бәрін Шымкентке жабу оңай, ол - халық ең тығыз шоғырланған аймақ. Бұл дерек расталған жоқ. Ролик біздің қалада түсірілмеген, мен оны мәлім ете аламын", - деді брифинг барысында ОҚО білім басқармасының басшысы Альбина Елшиева. Шымкенттің әл-Фараби аудандық прокурорлары тергеуді жүргізіп жатыр. Ал мұғалім Жұлдыз Нәметова бұдан былай №11 мектепте жұмыс істемейді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.14  course down  545.85  course up  5.03  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer