29 мамыр 2015 | 15:12

Шығыс Қазақстанда 15 вагон рельстен шығып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© khabar.kz © khabar.kz

Шығыс Қазақстан облысында 15 жүк вагоны рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысында 15 жүк вагоны рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай 29 мамырда сағат 06.06-да Зырян ауданындағы "Серебрянск-Огневка" өткелігінен 82 шақырым жерде болды. Барлығы 48 жүк вагоны болған, олардың 15-і рельстен шығып, 13-і аударылып қалды. Мамандардың айтуына қарағанда, пойыз цемент пен кен тасыған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Айта кетейік, бұл оқиға өзге жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысына әсер еткен жоқ. Оқиға орнында "Серебрянск" станциясы темір жол депосының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін Жамбыл облысында шыны тиеген вагон рельстен шығып кеткен болатын. Оқиға өткен жылы 30 маусымда сағат 12.30 шамасында Жуалы ауданы аумағында Шақпақ станциясынан 25 шақырым жерде болды. Құрамында 61 вагоны болған № 3405 жүк пойызы Жамбылдан Түлкібасқа бағыт алған. Құрамның бас жағындағы 5-9 вагондар рельстен шығып кетіп, төртеуі аударылды. Оқиға салдарынан темір жол төсеміне залал келді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети