Экологтар киіктердің жаппай өліміне байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігін тексеруді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы мамандар Алматыда баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Экологтар киіктердің жаппай өліміне байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігін тексеруді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы мамандар Алматыда баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Мамандардың айтуынша, 1993 жылдан 2003 жылға дейін браконьерлердің кесірінен киіктер қырық есе, яғни 23 мың басқа дейін азайып кетті. Соңғы бес жылда киіктер үш рет жаппай қырылды. Экологтар киіктердің азаю себебі деп мезгіл сайын келетін ауруларды, олардың таралуын зерттеу жұмыстарының әлі де жүргізілмей отырғанын айтты.
"Табиғат" экологиялық одағының басшысы Мэлс Елеусізовтің айтуынша, мемлекеттік құрылым браконьерлерге қарсы ешқандай шара қолданбаған. Экологтың айтуынша, олар киіктерді мүйізі үшін өлтіріп, оларды Қытайға жаппай сатады. Елеусізов министрлік айтқан пастереллез ауруының киіктердің жаппай қырылуына қатысы жоқ екенін айтты. Ғалымның айтуынша, киіктердің өлу себебін анықтауға министрлік ғылыми институттарды тартпай отыр.
Еске сала кетейік, киіктер 11 мамырдан бастап қырыла бастады. Ең әуелі Қостанай облысынан өлген 100 киік табылды. Бір ай ішінде олардың саны 1000 есеге өсті. Өлген киіктер саны 112 475-ке жетті. Жаппай қырылуға дейін Қазақстанда киіктер саны 300 мың бас болатын.