01 маусым 2015 | 14:43

Мыңдаған алматылық Орталық саябақта Балаларды қорғау күнін атап өтіп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Николай Колесников © Николай Колесников

Мыңдаған алматылық Балаларды қорғау күнін атап өту үшін Орталық саябаққа жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Саябақ аумағында екі бірдей концерт - көрермендер үшін қазақстандық эстрада жұлдыздары мен XVII халықаралық "Бозторғай" қатысушылары өнер көрсетіп жатыр.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мыңдаған алматылық Балаларды қорғау күнін атап өту үшін Орталық саябаққа жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Саябақ аумағында екі бірдей концерт - көрермендер үшін қазақстандық эстрада жұлдыздары мен XVII халықаралық "Бозторғай" қатысушылары өнер көрсетіп жатыр.

Жиналғандар алдында әкімнің орынбасары Зәуреш Аманжолова Балаларды қорғау күнінің бүгін әлем бойынша 66-шы рет өткізіліп отырғанын айтты. "Биыл үш ай бойы лагерьлер жұмыс істейді. Бұл сіздерге жақсы демалып, келесі оқу жылын күшпен бастауға мүмкіндік береді. Бізді жақсы бағалармен, жеңістермен, олимпиадалардағы жетістіктермен қуантыңыздар", - деді ол.

Орталық саябақ алдында өткен концертте Мақпал Исабекова мен жас әншілер өнер көрсетті. "Бозторғай" конкурсын да көп көрермен тамашалады. Концертке келушілердің бірі өз өнерін көрсетті. Мәдина есімді 2 жасар қыз әкесінің қолында әртістер сияқты тұрып, елді таңғалдырды. Мадияр Аппазовтың айтуынша, олардың отбасында өнер адамдары жоқ екен. "Біз оған ештеңе үйреткен жоқпыз. Ол бір жасынан бері осылай тұра алады. Қызымызды биге беруді ойлап жүрміз", - деді оның әкесі Мадияр Аппазов.

Айта кетейік, Алматыда Балаларды қорғау күні бірнеше алаңда өтіп жатыр. Сағат 16.00-де Алматы саябағында цирк қойылымы болады. Халық музыка аспаптары мұражайына 12 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін. Сонымен қатар, Алматы метросында 15 жасқа дейінгі балаларға тегін жүру мүмкіндігі қарастырылған. Бегалин атындағы балалар кітапханасында да мереке тойланып жатыр. Сағат 09.00-ден бастап "Ғажайып ағаш" жәрмеңкесі өтіп жатыр. Ол жерде балалар бір-бірімен ойыншық, кітап алмастыра алады. Мереке тәттілер үлестірумен аяқталады.

Балаларды қорғау күнін Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы да тойлап жатыр. Мекеме балаларды кітапханамен таныстырып, жазғы бөлменің ашылуын атап өтті. Экологиялық мазмұндағы фильмдер де көрсетіледі.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.47  course up  545.71  course down  4.93  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer