Алматы әкімдігінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды © yaroslavl.bezformata.ru

Алматы әкімдігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы әкімдігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қала әкімінің өкімімен Дін істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы болып Шегебек Қауымбаев тағайындалды. Бұрын Қауымбаев Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Алмалы ауданы бойынша аумақтық бөлімін басқарған болатын.

Сонымен қатар, Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Маркен Ахметов тағайындалды, ол Ерболат Әуезовты алмастырды. Бұған дейін Ахметов Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы қызметін атқарған.

 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.24  course up  586.74  course up  6.5  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети