Елбасы Францияның бұрынғы премьер-министрі, Ұлттық жиналыс депутаты Франсуа Фийонмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елбасы Францияның бұрынғы премьер-министрі, Ұлттық жиналыс депутаты Франсуа Фийонмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Фийонның Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қоюға қосқан үлесін атап өтті. Соның арқасында бүгінде екі ел қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді.
"Сонымен қатар, тараптар Қазақстан-Франция ынтымақтастығын басымдығы бар салаларда нығайта түсу мәселелерін қозғады және Қазақстандағы француз компаниялары қызметінің негізгі бағыттары, елімізге инвестиция тарту жөніндегі шаралар қарастырылды", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Айта кетейік, бұдан бөлек Ақорда Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жария етті. Соған сәйкес, 3 маусымда Елбасы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-отырысына қатысушылармен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. Ал 4 маусымда Шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-отырысы өтеді. Оның негізгі тақырыбы - Қазақстандағы агробизнесті дамыту. Іс-шараға халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың басшылары қатысады.