02 маусым 2015 14:50

Қазақ спортшысы Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевқа қарсы шықпақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арман Оспанов (сол жағында) және Расул Мирзаев. © Vk.com Арман Оспанов (сол жағында) және Расул Мирзаев. © Vk.com

Ережесіз жекпе-жектен екі дүркін әлем чемпионы, Alash Pride командасының спортшысы Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевпен кездеседі, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ережесіз жекпе-жектен екі дүркін әлем чемпионы, Alash Pride командасының спортшысы Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевпен кездеседі, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Alash Pride клубының өкілі Асхат Ерболатовтың айтуынша, ММА турнирі аясында өтетін жекпе-жек туралы келісімге қол қойылған. Турнирдің толық файт-карды кейін белгілі болады.

Расул Мирзаев осыған дейін Қазақстанда екі жекпе-жек өткізді. 2013 жылы ол Ержан Естановпен өткен кездесуде жеңіске жетті, 2014 жылы өткен жекпе-жекте де ол Естановтан басым түсті. Ал, қазақстандық Оспанов болса ММА турнирі аясында алты жеке-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Айта кетейік, Расул Мирзаев пен Арман Оспанов арасындағы жекпе-жек 4 қыркүйекте Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Турнир Қазақ хандығының 550 жылдығына арналады.

 
Читайте также
Join Telegram
Қайрат Нұртас ұсталды

Валюта бағамы

 476.83   490.7   5.42 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети