04 маусым 2015 | 09:26

MBAND тобының Алматыда өткен концерті жанжалмен аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік MBAND тобының жанкүйерлері кумирлерінің Алматыдағы кафелердің бірінде қойған концертінен кейін шу шығарды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Ресейлік MBAND тобының жанкүйерлері кумирлерінің Алматыдағы кафелердің бірінде қойған концертінен кейін шу шығарды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Жеткіншек қыздар мен олардың ата-аналары жас жігіттер ән айтқан ғимаратта шу шығарды. Жиналған жұрт ұйымдастырушылардың алдағандарын айтты. Олардың айтуынша, ұйымдастырушылар әншілермен бірге суретке түсіп, қолтаңба алуға болатынын айтқан.

2 маусымда боған концерт ғимараты маңында жиналған жұрт. © ktk.kz


© ktk.kz


© ktk.kz

"15 мың төледім, бірақ адам саны көп болды да ештеңе ала алмадым, ешкіммен суретке түсе алмадым. Және концерттің ортасында өзімді жаман сезіндім де далада отырдым", - деді Айсұлу Әбдіқалықова.

Жанкүйерлердің бірі Айсұлу Әбдіқалықова. © ktk.kz

Жанкүйерлердің айтуынша, ұйымдастырушылар тар ғимаратқа адамдарды толтырған. Күзетшілер жиналған жұртты әрең ұстап тұрыпты. 200 адамға арналған орында екі есе көп жанкүйер болды.

© ktk.kz


© ktk.kz


© ktk.kz

"Пештің жанында тұрғандай болдық. Желдеткішті сұрадық. Кіріп қарадық, бір желдеткіш істеген жоқ. Менің қызым, бес-алты бала ана жерден құлап, бері қарай жүгіріп шықты", - деді Инна Немченко.

Инна Немченко. © ktk.kz

Телеарнаның хабарлауынша, ұйымдастырушылар шығып, ақшаны біртіндеп қайтаратындарын айтқан. 

© ktk.kz

"Бірақ, қолындағы ақша барлығына бірдей жетпей қалды. Қалғанын ертең беретін болып келісті. Егер тағы алдап кететін болса, ата-аналар істі сотқа дейін жеткізбекші", - делінген телеарна сюжетінде.

Интернетте концерт кезінде түсірілген бірнеше видео пайда болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети