04 маусым 2015 | 11:11

Мигель Котто Головкинге шарт қойғалы отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мигель Котто. © Craig Barritt/Getty Images Мигель Котто. © Craig Barritt/Getty Images

Орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Мигель Котто WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен оның шарты орындалған жағдайда ғана жұдырықтасатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz BoxingNews24.com басылымына сілтеме жасап.

"Мен Дэниэл Гилмен менің шарттарыма келіскендердің арасындағы ең атақтысы болғаны үшін ғана жұдырықтасамын. Егер Головкин менімен жұдырықтасқысы келсе, отырып, бізбен сөйлесіп, біздің шарттарымызға келісімін бере алады. Сонда ғана кездесу болады. Егер келіспесе - жекпе-жек болмайды. Біз менің шарттарымды бапкерім Фредди Роучпен бірге белгілейміз", - деді Котто.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мигель Коттоның бапкері Фредди Роуч қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекте өз шәкіртінің жақсы әдісті дайындайтынын мәлімдеген болатын. "Геннадий Головкин ақылсыз сөз айтты. Әдейі өзіңе соққы жасату деген не сөз? Бұл абсурд! Бірақ, Головкинмен жұдырықтасқанда абайлау керек, әсіресе жекпе-жектің басында, себебі ол күтпейді, бірден құлатуға тырысады. Соңғы кездесуінде Головкин өзінің кейбір кемшіліктерін көрсетті. Мысалы ол шаршап қалады. Денесіне тиген соққыларды жақтырмайды. Әрбір боксшының кемшілігі болады. Бірақ Головкин жақсы жігіт, ол Пакьяоның жаттығу лагеріне барды. Әрине, бізбен кездесуінде (Мигель Коттомен) Головкин досымыз болмайды, ол үшін жақсы әдіс дайындап қоямыз", - деді бапкер. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети