04 маусым 2015 | 22:45

Қыз болып киінген Аян Жәрдемов түлекті танымайтын болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аян Жәрдемов. ©"КТК" кадры Аян Жәрдемов. ©"КТК" кадры

Қыз болып киінген Аян Жәрдемов ҰБТ-ға орнына кіргісі келген делінген түлекті танымайтын болып шықты, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. 


Қыз болып киінген Аян Жәрдемов ҰБТ-ға орнына кіргісі келген делінген түлекті танымайтын болып шықты, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. 

Әлеуметтік желілердегі ғашықтық сезім туралы мақтау сөздердің кейіпкеріне бір сәтте айналған Аян Жәрдемов ҰБТ тапсыруы тиіс болған түлекті танымайтынын тергеушілерге берген жауабында айтты. Ал емтиханға кір деп әлдебір таныстары өтініш жасаған екен. 

Телеарна тілшілерінің айтуынша, бұл жайтқа "Ұлттық Банк төрағасының бұрынғы кеңесшісі Олжас Құдайбергенов те кәдімгідей қобалжыған". Қалталы азамат қомақты айыппұлды қазір өтеп бермекші. Қулыққа басқан жігітті адвокаттар да қолдап отыр.

Адвокат Ескендір Әлімбаевтың айтуынша, Аянға "Бөтен құжаттарды иеленді" деген бап бойынша айып тағылып, ірі мөлшерде айыппұл салынды. "Егер ол шын мәнінде сезімге бой ұсынып, тестке кірген болса, онда ғашықтарды жазалауға негіз жоқ. Өйткені, Кодексте сезім үшін жазаға кесу мәселесі қаралмаған", - деді ол.

Ал Аянның өзі мүйізі қарағайдай қазақ-британ техникалық университетінің 3-ші курс студенті екен. Республикалық талай олимпиаданың жүлдегері, сонымен қатар Ақтөбенің "Алтын белгі" иегері боп шықты. Оқымысты жігіт әлеуметтік желілерде де ақылы қызмет ұсынған. Химия мен тарихты мықты етіп оқытам деген оның хабарламасы әр жерде ілінген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети