05 маусым 2015 | 09:15

Головкинмен өткен жекпе-жек мені шыңдай түсті - Дэниэл Гил

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Boxingtv.ru ©Boxingtv.ru

Аустралиялық боксшы Дэниэл Гил WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкинмен өткен жекпе-жектен өзінің шыңдалғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz Аllboxing.ru басылымына сілтеме жасап.

Гилдың айтуынша, Головкинмен өткен кездесу оны көп нәрсеге үйретті. "Мен бұл жекпе-жектен кейін өзімді жақсы сезінемін. Ол кездесу маған көп нәрсе үйретті. Мені ол ұрған жоқ, дегенмен қатты соққыларымен ұстап алды. Менде әлі де күш бар. Головкинмен қайта кездесуге қуана келісер едім, бірақ бәрінің назары қазір Коттода", - деді ол.

Айта кетейік, Гил мен Головкин арасындағы жекпе-жек 2014 жылдың шілдесінде өтті. Головкин аустралиялық боксшыны үшінші раундта нокаутпен жеңді. 6 маусымда Нью-Йоркте WBC тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы, Пуэрто-Рико боксшысы Мигель Котто мен Дэниэл Гил кездеседі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети