05 маусым 2015 | 10:28

Қазақстанда ҰБТ-дан 125 балл алғандардың саны төртке жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда ҰБТ-дан 125 балл алғандардың саны төртке жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда ҰБТ-дан 125 балл алғандардың саны төртке жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, тестілеудің үшінші ағымы 4 маусым күні 61 пунктте өткізілді. Тестілеуге өтініш берген 59 195 түлектің 95,1 пайызы, яғни 56 318-і қатысты. Орта балл - 78,4. 

"100 балдан жоғары нәтижені 3 154 (16,4 пайыз) түлек алды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 4 018 (16,7 пайыз) болған еді. 125 балды 2 оқушы алды: Самат Сымбат Куанышқызы, БҚО Теректі ауданың "Үміт" лингвистика гимназиясының түлегі және Лаура Абдазимова, ОҚБ Түлкібас ауданының үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі", - делінген министрліктің хабарламасында.

Айта кетейік, ҰБТ-ның үшінші ағымында 9 түлектің тестілеу нәтижесі жойылды. 50 балдық шеткі деңгейді 3 992 түлек (20,7 пайыз) тапсыра алмады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін тараздық түлек Гүлназ Ердосова мен Астана мектеп-лицейінің түлегі Риана Мұстафинаның 125 балл жинағаны хабарланған болатын. 
 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети