Қазақстанға Қытай танкистері келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанға Қытай танкистері келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қытай Халық-Азаттық Армиясының танкистері "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты Аягөз қаласындағы 10810 әскери бөліміне келді. Қытай Халық Республикасынан келген делегацияны әуеайлақта Аягөз гарнизонының әскери бөлім командирлері мен мекеме басшылары қарсы алды.
"Меймандар Ресей Федерациясының "Алабино" полигонында өтетін танк биатлонынан әлем чемпионатына бірлескен даярлық бағдарламасымен танысты. Осыдан кейін Қытай армиясының өкілдері жақында танк биатлонынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің чемпионаты өткен "Майлино" трассасын көрді. Аспан асты елінің әскери қызметшілері шамамен бір апта қазақстандық әріптестерімен бірге жаттығатын болады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, танк биатлоны - әлемнің түрлі елдері арасындағы танкті жүгізу және танкке орнатылған негізгі және қосымша қарудан дәл ату шеберлігін көрсету бойынша экипаждар арасындағы жарыс. Тұңғыш рет танк биатлоны бойынша халықаралық жарыс 2013 жылы Мәскеу маңындағы Алабино полигонында өтті. Сол кезеңнен бастап қазақстандық әскери қызметшілерден құрылған команда жыл сайын үздік үштіктер қатарынан көрініп келеді және биыл олар өз жетістіктерін жетілдіруді жоспарлап отыр.