10 жастағы қызды зорлады деген күдікпен Астана тұрғыны ұсталды, - деп жазады "Экспресс-К".
10 жастағы қызды зорлады деген күдікпен Астана тұрғыны ұсталды, - деп жазады "Экспресс-К".
Бурабай ауданы тұрғыны полицияға хабарласып, дүкенге кеткен 10 жастағы қызының қайта оралмағанын айтқан. Түнгі уақытта қыз үйге өзі келіпті. Қатты қорқып қалған ол анасына сұмдық оқиғаны айтып береді. Алдын ала болжам бойынша, дүкенге бара жатқан жолда қызды ер адам ұстап алып, зорлап тастаған. Бірнеше сағат бойы Астана тұрғыны қызбен қалада серуендеп, кейін автобуспен келген.
Полиция қызметкерлері Астана тұрғынын ұстады. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті осыған дейін ұрлық жасағаны үшін сотты болған.
Еске сала кетейік, осыған дейін Шымкентте мектептің екі оқушысын зорлады деген күдікпен үш ер адам ұсталған болатын. "Зорланған қыздардың айтуынша, оларды белгісіз үш ер адам зорлаған. Оларды ұстау бойынша шаралар жүргізілді. Қазіргі уақытта олар Шымкенттегі Қаратау аудандық ішкі істер бөлімінде түсініктеме жазып жатыр", - деді ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының жетекшісі Салтанат Қаракөзова.