09 маусым 2015 | 10:11

Ауа райы: 11 маусымға дейін күн салқын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bessarabiainform.com © bessarabiainform.com

Синоптиктердің 9-11 маусымға арналған ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанның басым аумағында алдағы күндер салқын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктердің 9-11 маусымға арналған ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанның басым аумағында алдағы күндер салқын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" кәсіпорнының мәліметінше, Қазақстанға Ресейдің Еуропалық аумағының солтүстік-батысынан келген суық атмосфералық фронттар жаңбыр мен кей жерлерге бұршақ алып келді. Сонымен қатар, батыс және солтүстік облыстарда ауа температурасы төмендеді. Таяу күндері де солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс аудандарда осындай ауа райы сақталады деп болжанды.

"Алдағы 3 күнде батыста, оңтүстік пен шығыста жауынның қарқыны бәсеңдейді, ал ауа температурасы нормадан 1-3 градусқа төмен болады. 10 және 11 маусымда еліміздің басым аумағы атмосфералық фронттардың ықпалында болады, сондықтан кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жауын жауады. Аптап ыстық тек еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде болады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін метеорологтар 9 маусымға дейін Еуропалық Ресейдің солтүстік аудандарынан Қазақстанға ауысатын суық атмосфералық фронттардың апта соңында республиканың барлық дерлік аумағында найзағайлы жаңбыр мен екпінді желді шақыратынын ескерткен болатын. Фронттар өзімен бірге тек жаңбыр емес, сонымен қатар температураның төмендеуін тудырды.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети