09 маусым 2015 | 11:46

Елімізде тұрғын үй арзандаса да, сатып алушы азайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Қазақстанда тұрғын үй арзандаса да, сатып алатындар мен сататындар азайып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда тұрғын үй арзандаса да, сатып алатындар мен сататындар азайып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылы мамырда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 12 342 болды. Бұл көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 19,8 пайызға төмен. Айта кетейік, 2015 жылдың сәуір айында тұрғын үйді сатып алу мен сатуға байланысты тіркелген мәмілелердің саны 15 397 болды, бұл көрсеткіш наурыз айымен салыстырғанда 33,4 пайызға артық болған еді.

"Мамыр айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша тіркелген мәмілелердің саны жағынан көшбасында Қарағанды облысы - 1 374, одан кейінгі орында - Астана қаласы - 1 350, Шығыс Қазақстан - 1 161, Оңтүстік Қазақстан - 1 075, Алматы қаласы - 1 047 және Алматы облысы тұр - 1 041", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда мамырда тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі байқалды. Мамырда өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 1,4 пайызға, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату 0,1 пайызға төмендеді, ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,3 пайызға өсті.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық қайталама нарықта пәтерлердің арзандағаны хабарланған болатын. Сонымен қатар, жаңа салынған үйлердегі пәтерлердің де бағасы түсті. Бір айдың ішінде орташа баға 0,2 пайызға, яғни әр шаршы метр 225 084 теңгеге дейін төмендеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети