09 маусым 2015 | 17:14

Қазақстандағы ажырасулардың бір себебі ретінде сексуалдық қанағаттанбаушылық аталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Espanarusa.com ©Espanarusa.com

Қазақстанда ажырасулардың негізгі себептері аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Біз некелердің сақталуы үшін" ерікті коалициясының өкілдері Астанада айтты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда ажырасулардың негізгі себептері аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Біз некелердің сақталуы үшін" ерікті коалициясының өкілдері Астанада айтты.

"Біріншіден, себептердің бірі - бедеулік, екіншісі - тұрмыстағы зорлық, тұрмыстық жанжалдар, материалдық кедейлік, ерлі-зайыптының бірінің денсаулығы. Себептер ондаған", - деп хабарлады отырыстың үзілісі кезінде Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия басшысының орынбасары Елена Тарасенко.

Қазақстандағы ажырасудың себебі ретінде сексуалдық қанағаттанбаушылық, эгоизм, мақтаныш және жалған түсінік, кешіре білмеушілік, қателер мен кінәні мойындамау, отбасылық құндылықтардың болмауы, көзге шөп салу, алкогольге тәуелділік, нашақорлық пен Интернет, сонымен қатар терең қарым-қатынастың болмауы, атүсті қатынас және түсіністіктің жеткіліксіздігі аталды.

Бүгін азаматтық қоғамдар, "Отбасым" ұлттық құндылықтар орталығы және Қазақстан мен Орталық Азия отбасы институты отбасы институты мәселелерін талқылады. Жиналғандардың пікірінше, Қазақстанның отбасы саясаты бала тууға ынталандыруға ғана емес, отбасы институтының берік болуына да бағытталуы керек.

"Статистика қуантпайды. Қазақстанда 2014 жылдың ішінде, Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметінше, некелер бойынша цифрлар жария етілді, онда 2014 жылы 159 328 некенің құрылғаны және 52 673 ажырасудың болғаны жазылған. Бұл сол 2014 жылы құрылған некелер деген сөз емес. Түрлі жылдарда құрылған некелер", - деді депутат, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия басшысының орынбасары Елена Тарасенко.

Дөңгелек үстел қатысушылары Қазақстанда отбасылық өмірге дайындау мектебін құру идеясын қолдады. "Отбасым" мектебін ашу жоспарланып отыр. Бұл АХАЖ-дардағы мектеп. Адамдар некеге тұрудан бұрын отбасылық өмірге дайындалады. Өкінішке орай, қазір мектептерде және жоғары оқу орындарында қосымша негізде өтіледі", - деді Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия хатшысы Шолпан Сыздықова.

Сыздықованың айтуынша, отбасылық өмірге дайындық мектебі таяу уақытта Астанада пайда болады, онда некеге тұрғысы келгендерге кеңестер айтылады: отбасылық жанжалдар жасамау, қарым-қатынасты қалай құру керектігі, тұрмыстағы жанжалдар мен зорлықтың алдын алу мәселелері үйретіледі. Шолпан Сыздықованың пікірінше, осыған ұқсас мектеп Алматыда жұмыс істеген. "Әрине, біз ажырасулардың алдын ала алмаймыз, бірақ қоғамға үндеу жасалады, қоғам осы мәселеге назар аударуы тиіс", - деді ол.

"Біз некелердің сақталуы үшін" ерікті коалициясының бүгінгі отырысы барысында таяуда ажырасу мөлшерін азайта алатын шаралардың ұйымдастырылатыны жария болды. АХАЖ және соттарда кітапшалар таратылады. Бұл кітапшаларда жұптардың отбасыны сақтап қалуына арналған қажетті мәліметтер ұсынылады.

"Бізде көптеген жұп отбасы кеңесшілеріне, психологтарға бармайды. Біздің сондай қасиетіміз бар. Бірақ бұл өте қажетті іс, сонда олар көмек бере алады, не істеу керектігін айтып бере алады. Екіншіден, отбасы жұптары ажырасудың себептерін анықтауы тиіс. Бұл қаржы қиындықтары немесе көзге шөп салу болуы мүмкін, тіпті себептер көп болуы мүмкін. Некені сақтап қалуға мүмкіндік беретін арнайы бір формула жоқ. Ең бастысы - ерлі-зайыпты бір-бірімен терең қарым-қатынаста болуы керек, өзара көп сөйлесуі керек, жанжалды шешудің жолын іздеу керек", - деді Қазақстан және Орталық Азия Отбасы институтының директоры Ақбота Базарбаева, некені қалай сақтап қалу керектігі жайлы сұраққа берген жауабында.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer