09 маусым 2015 | 15:38

Түнгі клубтағы төбелес: Қаза тапқан адамның туыстары 18 миллион теңге және 3 пәтер талап етіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы "Чукотка" түнгі клубында болған төбелестен қаза тапқан жігіттің туыстары күдікті Александр Кузнецовтан 18 миллион теңге және үш пәтер талап етіп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қаза тапқан адамның ағасы Дәулет Мұратқалиев хабарлады.


Алматыдағы "Чукотка" түнгі клубында болған төбелестен қаза тапқан жігіттің туыстары күдікті Александр Кузнецовтан 18 миллион теңге және үш пәтер талап етіп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қаза тапқан адамның ағасы Дәулет Мұратқалиев хабарлады.

8 маусымда осы іске қатысты сот қарауы басталды. Басты күдікті Александр Кузнецовқа "Байқаусызда кісі өлтіру" бабы бойынша айып тағылды. Сот отырысында қайтыс болған Сырым Мұратқалиевтің туыстары материалдық және моральдық шығын талап етіп отыр.

"Бұл материалдық және моральдық шығынды заңды түрде өтеу. Бір жарым миллион теңгені жерлеу рәсімімен байланысты материалдық шығын ретінде және 18 миллион теңгені моральдық шығын ретінде бірден емес, қайтыс болғанның екі қызына ай сайын төлеп тұруды талап етіп отырмыз. Бұл Сырымның өмірдегі мақсаты болған. (...) Бұл бопсалау емес, моральдық шығынды заңды түрде өтеу", - деді Дәулет Мұратқалиев.

Айыпталушы Кузнецовтың адвокаты Алма Мусинаның айтуынша, ол шағым талабын мойындамайды, себебі "Абайсызда кісі өлтіру" бабы бойынша айыптаумен келіспейді. "Сот тыңдаулары енді басталды. Кузнецовтан және Мұратқалиевтің ағасынан жауап алынды. Ары қарай қалған куәгерлер сұралады, содан кейін қылмыстық істі тергеуге өтеміз және тараптарды қатар тыңдауға көшеміз", - деді Мусина.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети