10 маусым 2015 | 15:54

ҰБТ тапсыру үшін "қызға айналған" жігіттің оқиғасы: Түлекке Түркияның білім гранты беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анталиядағы Туризм академиясы "қызға айналған" жігіттің ҰБТ тапсыруға барған Жетісай қаласы №4 мектептің түлегіне білім грантын беруге дайын. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне білім мекемесі хабарлады.


Анталиядағы Туризм академиясы "қызға айналған" жігіттің ҰБТ тапсыруға барған Жетісай қаласы №4 мектептің түлегіне білім грантын беруге дайын. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне білім мекемесі хабарлады.

Академия өкілі алаяқтықты құптамайтынын, дегенмен қызға жоғары білім алу үшін көмектескілері келетінін айтты. Қазір білім мекемесінің өкілдері қызды тауып, байланысқа шығуды қарастырып жатыр.

"Біз Интернеттен дос қызы үшін "қызға айналған" жігіт туралы ақпаратты көрген кезімізде қазақстандық түлекке көмектескіміз келді. Ол ҰБТ үшін осындай қадамға барса, бұл түлек үшін өте маңызды болған, солай емес пе? Біз оған көмектесетін боламыз. Осы қызбен байланысқа шығамыз. Егер сіздер бұл хабарламаны оқысаңыздар, туризм академиясына хабарласыңыздар", - деді ректор Зафер Биккеноғұлы.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде  ҰБТ тапсырмақ болып "қызға айналған" жігіттің фотосы кең таралған болатын. Суреттің сипаттамасында оқиғаның Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында болғаны жазылған. Ол Жетісай қаласындағы №4 мектептің түлегі үшін емтиханға кіргісі келген екен. Кейін 20 жастағы жігіттің түлекпен таныс емес екені анықталды.

Аян Жәрдемов Мәртөк ауданында дүниеге келген. Ол Ақтөбедегі "Дарын" мектебін бітіріп, "Алтын белгі" иегері атанған. Қазір жігіт Алматыдағы Қазақ-Британ техникалық университетінің үшінші курсында тегін бөлімде оқып жатыр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети