11 маусым 2015 | 11:38

Ақтөбелік депутаттың үйінде табылған 1,5 миллиард теңге оның жеке қаражаты деп түсіндірілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Ақтөбелік депутаттың үйінде табылған 1,5 миллиард теңге оның жеке қаражаты деп түсіндірілді, - деп хабарлайды "Мой город". Кәсіпкер Мейіржан Өндіргенов басшысы болған автопарктің заңгері Руслан Жылқаманов осылай мәлімдеді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбелік депутаттың үйінде табылған 1,5 миллиард теңге оның жеке қаражаты деп түсіндірілді, - деп хабарлайды "Мой город". Кәсіпкер Мейіржан Өндіргенов басшысы болған автопарктің заңгері Руслан Жылқаманов осылай мәлімдеді. 

Заңгердің айтуынша, автопарк қызметкерлері өз жұмыс орындары мен басшыларының тағдырына қатты алаңдаулы. Алайда өз басшыларын қолдап, бір де бір жұмысшы заңгермен бірге келмеді. Компания өкілі мекеме қызметкерлерінің жалақыны өз мерзімінде алып отырғанын жеткізді. 

"Ойланып көріңіздер, адам жалақысыз қалай жұмыс істейді. Егер адамның құқығы бұзылса, ол органдарға шағымдана алады. Мен жұмыс істеген уақытта кейбір мәселелерді санамағанда ешқандай дерек болған жоқ. Жүргізушілердің жалақысы кесімді, 80-160 мың теңге", - деді заңгер. Сонымен қатар, ол бұрынғы кейбір жұмысшылардың Өндіргеновке жала жауып отырғанын айтады. Жылқамановтың пікірінше, автопаркте жүргізуші болып жұмыс істеген Нығметбай Ермахановтың барлық шағымы бес жлы бойы жұмыс істеп, жалақы алмай келгеніне құрылған. Алайда, заңгердің айтуынша, Нығметбай Ермахановтың жалған мәлімет таратқаны жайлы соттың 10 шешімі бар.

Жылқаманов депутат Өндіргеновтің үйі мен жұмыс орнын тінту кезінде табылған қаражатты оның жеке қаражаты деп есептейді. "Бұл жеке қаражаты. Ол кәсіпкер және оның белгілі бір сомада қаражаты болуы мүмкін. Жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге. Оның айлығы миллиондап есептелмейді. Нақтысын мен білмеймін. Сол сомада кәсіпорынның ақшасы бар - 134 миллион теңге, ол кассадан алынған. Қазірдің өзінде біз жалақы беруден, жанар-жағармай материалын сатып алуда, бөлшектерді сатып алудан кешігіп жатырмыз", - деп мәлімдеді ол. Мұнымен бірге, Жылқаманов осы оқиғалардың автопарк жұмысына әсер етпеуін тіледі. Оның пікірінше, Өндіргенов көп еңбек еткен, алайда қазір оның бәрі есепке алынбай отыр. 

Еске салайық, Мейіржан Өндіргенов 30 мамырда аса ірі көлемде қаржы бопсалады және өлтіремін деп қорқытты деген күдікпен ұсталған болатын. Депутат екі айға қамауға алынды. Депутатқа тағылып отырған айыптау баптары 7 жылдан 15 жылға дейін мүлкін тәркілеу арқылы бас бостандығынан айыруды және 200 АЕК көлемінде айыппұл салуды қарастырады.

Осыған дейін кәсіпкердің бұрынғы серіктесі Бауыржан Пірманов тілшілерге Өндіргеновтің қаржы махинациясы жайлы айтып берген болатын. "Құрылтайшы Өндіргеновпен келіспеушіліктер көп болды, мен 2012 жылы жұмыстан кетуге мәжбүр болдым. Келіспеушіліктер салық салу ісіне келгенде басталды. Оның үлкен жақтаушылары болды, бірақ қазір оның басы дауға қалды. Ол менің арызым арқылы бопсалау бойынша қамауға алынды. 2012 жылы мен бәрін оның атына жазып бердім. Ол өз атына жаздыруға мәжбүр етті, көлікті алып қойды. Ол бәрін сатып ала алатынын айтты. Бұрын "Автопарк" ЖШС-ның күн сайынғы табысы 5,6 миллион теңге болған, жол жүру құны қымбаттағаннан кейін шамамен 8 миллионға өсті. Сонымен қатар, жыл сайын автопарк бюджеттен 800 миллион теңге алып тұрады. Салық есебінде ол тақырға отырғанын мәлімдейді, ал бұл табысы қыруар ЖШС. Ол екі жақты бухгалтерия ұстады, қаражатты компанияға аударды. Тінту жүргізілгенде оның қыруар қаржысы тәркіленді. Оны адамдар машинкамен 5 сағат санады", - деді Пірманов. Мұның алдында оның үйінен және жұмыс орнынан 1,5 миллиард ақша табылған болатын.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer