15 маусым 2015 | 12:05

Алматыда автобустарға арналған жолақпен жүргендерге айыппұл салына бастады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Аutomag.kz © Аutomag.kz

Алматыда автобустарға арналған жолақпен жүрген жеке автомобиль жүргізушілеріне айыппұл салына бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы брифингте қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Нұрлан Алмасбеков мәлімдеді. Еске сала кетейік, Абай даңғылында автобустар мен троллейбустарға арналған арнайы жолақ пайда болған еді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда автобустарға арналған жолақпен жүрген жеке автомобиль жүргізушілеріне айыппұл салына бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы брифингте қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Нұрлан Алмасбеков мәлімдеді. Еске сала кетейік, Абай даңғылында автобустар мен троллейбустарға арналған арнайы жолақ пайда болған еді.

ӘПБ басшысының айтуынша, Абай даңғылында орнатылған камералар автобустарға арналған жолақпен жүрген автомобильдерді түсіріп алып отырады. Жол ережесін бұзған жүргізушілер 5 пен 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Сонымен қатар, Абай даңғылымен жүретін автобустар мен троллейбустарға қоғамдық көліктің қозғалысына кедергі келтірген автомобильдерді анықтау үшін арнайы видеорегистраторлар орнатылады. Алмасбековтың айтуынша, кей жағдайларда, яғни оңға бұрылатындар мен таксилерге жолаушы алу үшін арнайы жолақпен жүруге рұқсат етілген. 

Айта кетейік, арнайы жолақтан шығып кеткен автобус жүргізушілеріне де айыппұл салу қарастырылған. Оларға тек солға бұрылу кезінде және кері айналатын кезде ғана жолақтан шығуға рұқсат етілген. Алмасбековтың айтуынша, мұндай жағдайлардың әрқайсысы жеке қарастырылатын болады.

Бұған дейін Қазақстан велосипедшілері арнайы жолақпен жүруге рұқсат сұраған болатын. ІІМ өз кезегінде мұндай өтінішті қарауға дайын екенін хабарлады. ӘПКБ басшысы Қанат Сәдуақасовтың айтуынша, велосипедшілердің арнайы жолақпен жүруіне жыл соңына дейін рұқсат беріліп қалуы мүмкін. 

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer