15 маусым 2015 | 11:55

Головкиннің келесі жекпе-жегі кейінге қалуы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазіргі таңда қазақстандық боксшыға қарсыластың іздестіріліп жатқанын және кездесудің бастапқы жоспардан сәл кешірек өтетін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазіргі таңда қазақстандық боксшыға қарсыластың іздестіріліп жатқанын және кездесудің бастапқы жоспардан сәл кешірек өтетін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Біз Головкин үшін максималды түрде мүмкін болатын қарсыласты іздеп жатырмыз. Бастапқы жоспар қыркүйекте рингке оралу болатын. Үлкен бой өткізу біраз уақытты алуы мүмкін және бұл біздің қазіргі мақсатымыз", - деді ол.

Оның айтуынша, кездесу әйтеуір күзде өтеді.

"Ол күзде болады. Мүмкін қыркүйек, қазан немесе қараша. Әйтеуір осы үшеуінің біреуі, үздік бойды ұйымдастыру үшін біз қазір бәріміз қарсылас пен кездесуді өткізетін жерді іздеп жатырмыз", - деп келтірді Леффлердің сөзін esnewsreporting.

Еске сала кетейік, бұған дейін Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегіне қарсылас іздей бастағаны хабарланған болатын. "Эдди Карл Фрочтың Головкинмен кездесуге нақты шешім қабылдамағанын, ұлыбританиялық боксшының өз бабына көңілі толмайтынын айтты. Сол себепті мен басқа қарсылас іздей бастаймын", - деді ол.

 

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer