Алматыдағы Төле би көшесінде асфальт опырылып түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Төле би көшесінде асфальт опырылып түсті © "Территория происшествий"

Алматыдағы Төле би көшесінде асфальт опырылып түсті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Төле би көшесінде асфальт опырылып түсті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Оқиға 15 маусым күні таңертең Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысында болды. Оқиға салдарынан сутартқыштарға зақым келген жоқ. Дегенмен көліктердің қозғалысы қиындады. Төтенше оқиға болған жерге топырақ толы КамАЗ келді, ол 2-2,5 метрлік шұңқырды көмді. Қазір коммуналдық қызмет мамандары апаттың салдарын жойып жатыр, қауіпті аймаққа жол белгілері мен қоршаулар қойылған. ТЖ салдарын жою әлі де жалғасып жатыр. Асфальттың опырылып түсу себебі әзірше белгісіз.

Еске сала кетейік, биыл сәуірде БҚО Ақсай қаласында асфальт адамдардың көзінше опырылып қалған болатын. Оқиға Дружба және Сырым Датов көшелерінің қиылысында болды. "Өткен жылы тап сол жерде асфальт тағы опырылған болатын, ол балшықпен және шағыл тастармен көмілді, қорқынышпен жүріп өтетінбіз. Енді міне тағы да шұңқыр пайда болды", - деді куәгер, Ақсай тұрғыны Марат.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course down  601  course down  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети