15 маусым 2015 | 16:15

Оңтүстік Қазақстанда өрттен 20 адам зардап шекті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©In.ua ©In.ua

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентаудағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентаудағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт 14 маусымға қараған түні шықты, көпқабатты үйдің тұрғындары бұл уақытта ұйықтап жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт үшінші қабаттағы пәтерде шығып, төртінші және бесінші қабаттағы пәтерлерге көшкен. Құтқарушылар адамдарды алып шығу үшін пәтер есіктерін сындырды. Кейбірі өрт сөндіру сатысымен терезе арқылы эвакуацияланды. "Адамдарды шығарып алу үшін құтқарушылар есіктерді сындырды. Бүгін біз оларды жөндеп қойдық", - деді Кентау әкімінің орынбасары Нұржан Тәшімов.

Өртті төтенше жағдайлар департаментінің 40 қызметкері сөндірді. Сонымен қатар, оқиға орнында полицияның 100 қызметкері және 18 дәрігер жұмыс істеді. Кентаудың қалалық ауруханасына 21 адам жеткізілді, оның 12-сі балалар. "Төртеуі дереу жан сақтау бөліміне жатқызылды, біреуі ота жасау бөліміне жеткізілді, қалғандарына медициналық жәрдем көрсетілді, олар үйіне қайтып кетті", - деді аурухана өкілдері. Кейін екі баланы дәрігерлер жан сақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырды, бірақ тағы екі адамның жағдайы ауыр. 67 жастағы әйел мен 8 жастағы қыз күйіп қана қоймай, уланып қалған. Олар комада жатыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 

Толықтай өртеніп кеткен үш пәтердегі отбасы барлық затын, ақшасын және құжатын жоғалтты. Олар уақытша жатақанаға орналастырылды. "Үй кіреберісін және төбесін жөндеу жұмыстарын біз атқарамыз. Ал пәтерлерді жөндеуге демеушілеріміз көмектеседі. Сонымен қатар, қазіргі уақытта біз отбасыларды уақытша баспанамен, тамақпен қамтамасыз еттік. Құжаттарын қайта жасатуға көмек береміз", - деді Кентау әкімінің орынбасары Нұржан Тәшімов.

ОҚО-да болған өрт дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өрттің неден шыққанын арнайы комиссия анықтайды, алайда, алдын ала мәліметке қарағанда, өрттің шығуына адам факторы себеп болған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer