16 маусым 2015 | 09:22

ДДСҰ өкілі қазақстандықтардың басты жауын атады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Z-taraz.kz © Z-taraz.kz

Майлы тағамдар қазақстандықтардың басты жауы. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілі Мелита Вуйнович айтты, - деп жазады "Экспресс-К".

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Майлы тағамдар қазақстандықтардың басты жауы. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілі Мелита Вуйнович айтты, - деп жазады "Экспресс-К".

Оның айтуынша, жоғары калориялы тағамдарды тұтынудың кесірінен республиканың 86 пайыз тұрғыны жүрек-тамыр ауруларына шалдыққан. Вуйнович халыққа диетаға отырып, көп қозғалуға кеңес берді.

"Майды құрту керек, басқа амал жоқ. Финляндияда кардиологтар жұмыссыз отыр, себебі онда май бағасын қымбаттатып, рациондардан майларды алып тастаған", - деді ДДСҰ өкілі.

Басылымның хабарлауына, 60-жылдардың соңында Финляндия Еуропа бойынша жүрек ауруларынан өлетін адамдар саны бойынша бірінші орында болған. Ғалымдар халықтың алкогольді ішімдік пен майлы тағамдарды тұтынуынан, дұрыс тамақтанбағандықтан өліп жатқанын анықтады. Олар әйелдерге өсімдік майын пайдаланып, жеміс-жидекті көп жеуге кеңес берді. Нәтижесінде, 25 жылда Финляндияда жүрек ауруымен ауыратындар саны 3,5 есеге қысқарды.

Мелита Вуйнович қазақ тағамдарын қатты жақсы көретінін айтты. Оның айтуынша, Қазақстанда болған 4 жыл ішінде ол артық салмақ қосқан.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer