16 маусым 2015 | 14:15

Эверест Непалдағы жер сілкінісінен кейін үш сантиметрге жылжыды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Эверест. © pohorony.org Эверест. © pohorony.org

Әлемдегі ең биік шың, Эверест тауы, Непалдағы жойқын жер сілкінісінен кейін оңтүстік-батысқа қарай үш сантиметрге жылжыды, - деп хабарлайды The Guardian. Еске сала кетейік, 25 сәуір мен 12 мамырдағы зілзаладан 7 мыңнан аса адам қаза тапқан болатын.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әлемдегі ең биік шың, Эверест тауы, Непалдағы жойқын жер сілкінісінен кейін оңтүстік-батысқа қарай үш сантиметрге жылжыды, - деп хабарлайды The Guardian. Еске сала кетейік, 25 сәуір мен 12 мамырдағы зілзаладан 7 мыңнан аса адам қаза тапқан болатын.

Айта кетейік, тау солтүстік-шығысқа қарай үнемі жылжып отырған, ол шамамен бір жылда төрт сантиметрге орын ауыстырады. Сонымен қатар, ол соңғы онжылдықта шамамен 3 сантиметрге биіктеді. Ең бірінші тіркелген жерасты дүмпулері кезінде, яғни сәуір айында тау бірден 3 сантиметрге жылжыған және кейін қарай. Бірақ 12 мамырда болған зілзала Эверестке әсер еткен жоқ.

Бұған дейін ғалымдар жер сілкінісі Эверестті аласартты деп мәлімдеген болатын. UNAVCO геофизикалық зерттеулердің коммерциялық емес консорциумының мәліметінше, жойқын зілзаладан кейін әлемнің ең биік шыңының биіктігі бір дюймге (2,5 сантиметрге) төмендеген. Ғалымдардың мұндай қорытындысы 29 сәуір күні Джомолунгманың үстінен ұшып өткен Sentinel-1A еуропалық спутнигінің деректеріне негізделді. Есесіне Гималайда орналасқан Аннапурна тау сілемі жер сілкінісінен кейін 20 сантиметрге биіктеген. "Ол ластикты басқанда көтерілген сияқты. Оны жіберсең қайта өз қалпына келеді", - деп салыстырды қоршаған ортаны қорғау саласындағы біріккен зерттеулер институтының қызметкері профессор Роджер Билхам (Roger Bilham).

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer