17 маусым 2015 | 17:06

Атырауда палуан жігітті қарсыласының бапкері ұрды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Атырауда палуан жігітті қарсыласының бапкері ұрды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жапа шеккен жігіттің туысы әрі адвокаты Зубайда Асқарова айтып берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда палуан жігітті қарсыласының бапкері ұрды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жапа шеккен жігіттің туысы әрі адвокаты Зубайда Асқарова айтып берді.

Даулы оқиға Атырауда 2015 жылдың 8-10 мамыр аралығында өткен жасөспірімдер арасындағы республикалық грек-рим күресі бойынша жарыста болды. 1998 жылғы Леонид Хван Қарағандының намысын қорғады. Ол алматылық қарсыласымен күреске шыққан болатын. Олардың жекпе-жегі кезінде Хванның қарсыласының бапкері жүгіріп шығады. Ер адам жасөспірімнің бетінен бір ұрып, оларды ажыратқысы келеді, бірақ одан кейін қайтады. Оқиға видеожазбаның екінші минутында болады. Бұл видеоны редакцияға Асқарова жолдап отыр.

Леонид Хван қызыл формада.

"Леонидтің қарсыласы жеңіліп жатты және оның бапкері оларға жүгіріп барды. (...) Ешкім әрекет ете алмай қалды, кездесу тоқтатылмады, ешкім жарыстан шығып қалған жоқ. (...) Қорытындысында жеңіс Леонидтің қарсыласына бұйырды", - деді Асқарова. Оның айтуынша, зардап шеккен жігіттің анасының атынан кәмелет жасына толмаған адамның денсаулығына зиян келтіру дерегі бойынша Қазақстанның Бас прокурорының және ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасының атына арыз жазылды. Олардың тарапы соттың іс қарауына дайындалып жатыр". 

Леонид Хан. ©Зубайда Аскарова.

Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне бұл оқиғадан хабардар екенін және Қазақстанның грек-рим күресі федерациясының бапкерлер құрамына түсініктеме беруін сұрап, хабарласқанын айтты. "Біз бұл материалдарды алдық. Осы материалдардың негізінде федерацияға хабар бердік. Әзірше ресми жауап болған жоқ, алайда бапкерлердің айтуынша, бұл кездейсоқ болған оқиға. Біздің спортшы (Леонид Хан - Авт.) қылқындыру әдісін қолданды. Қарсыласы есінен танып қалмауы үшін оған бапкер жүгіріп барды. Бапкердің айтуынша, ол Леонидті итеріп жібермекші болыпты, бірақ әрекеті басқаша көрінген. Алайда бұл оқиғаға ресми түрде берілген түсініктеме емес", - деді Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наталья Сухорукова.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 515.11  course up  535.94  course up  5.16  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer