17 маусым 2015 | 16:18

Ан-2 ұшағының апатқа ұшырауының себебі айтылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған Ан-2 ісін тергеу жөніндегі комиссияның қорытынды есебі бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске салайық, Ан-2 2015 жылдың 20 қаңтарында Шатыркөл ауданындағы кен орнында апатқа ұшыраған еді, алты адам қаза болды, бір қыз аман қалды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған Ан-2 ісін тергеу жөніндегі комиссияның қорытынды есебі бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске салайық, Ан-2 2015 жылдың 20 қаңтарында Шатыркөл ауданындағы кен орнында апатқа ұшыраған еді, алты адам қаза болды, бір қыз аман қалды.

"Жамбыл облысында апатқа ұшыраған Ан-2 ісін тергеу жөніндегі комиссияның қорытынды есебіне сәйкес, экипаж көру мүмкіндігінің нашар жағдайында ұшу биіктігін негізсіз төмендеткен. Экипаждың негізсіз шешімі жер бетімен соқтығысуға алып келді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қорытынды есептің тергеу материалдары бойынша министрлік елдің әуе компаниясымен арнайы жиналыс өткізеді, онда оқиғаның жағдайы, себептері, факторлары айтылады, сонымен қатар, ұшу қауіпсіздігін арттыру бойынша және авиациялық оқиғалардың алдын алуға арналған кеңестер беріледі. Бекітілген қорытынды есеп алдын ала тергеуді жүргізген Бас көлік прокуратурасы мен ҚР Ішкі істер министрлігіне жіберіледі.

Еске сала кетейік, Ан-2 ұшағы 20 қаңтар күні сағат 15.40 шамасында "Шатыркөл" кен орны ауданында апатқа ұшыраған еді. "Олимп Эйр" серіктестігіне тиесілі ұшақ Балқаштан кен орнына ұшып шыққан. Ұшақтың апатқа ұшырауына тұман себеп болуы мүмкін деген жорамал айтылды. Ұшақтың бортында жеті адам болды, оның үшеуі - экипаж мүшесі.

Апат салдарынан "Қазақмыс" компаниясының үш қызметкері қайтыс болды: техникалық даму департаментінің директоры Төлеубаев, "Балқаштүстімет" ӨБ бас механигі Ыбыраев, осы өндірістік бірлестіктің техникалық және инвестициялық жоспарлау бөлімінің бастығы Есмағанбетова, сондай-ақ экипаж мүшелері түгел опат болды: Ан-2 командирі Клюшев, Ан-2 екінші пилоты Савельев және борт-механик Литвинов. Қарағанды облысының әкімдігі апат құрбандарын жерлеуді ұйымдастыруды өз мойнына алды және марқұмдардың туыстарына психологиялық көмек көрсететін болады.

"Балқаштүстімет" ӨБ бас геологы Шаяхметова тірі қалды, оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланды. Ал 10 наурызда ол ауруханадан шықты.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 515.11  course up  535.94  course up  5.16  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer