20 маусым 2015 | 23:37

Алматы мектептерінің түлектеріне "Алтын белгі" табыс етілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Назгүл Жайылова ©Назгүл Жайылова

Алматыда жалпы орта білім беретін мектеп түлектерінің жыл сайынғы дәстүрлі "Жас түлек" фестивалі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалылық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жалпы орта білім беретін мектеп түлектерінің жыл сайынғы дәстүрлі "Жас түлек" фестивалі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалылық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов "Алтын белгіні" 225 түлекке және жетім балаларға, мүгедектер мен тұрмысы төмен отбасы балаларына 34 білім грантын табыстады. Жалпы биыл орта білім туралы аттестатты алматылық 7902 түлек алды.

"Мегаполис басшысы жиналғандарды оқудың аяқталғанымен құттықтап, алматылық оқушылардың ҰБТ тапсырудағы жетістіктерін атап өтті. Алматы осымен төртінші рет Қазақстандағы ең үздік орта білім беретін қала атанып отыр. Қалада ҰБТ тапсыру деңгейі 92,1 балл болса, ал республика бойынша орта көрсеткіш 79,4 балл деңгейінде", - делінген хабарламада.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қалада білім саласын жетілдіруге жоғары деңгейде ден қойылғанын атап өтті. "Қала бюджетінің 20 пайызы осы салаға жұмсалады. Балабақшалар, мектептер салынып, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Мұғалімдердің материалдық жағдайы жақсаруда. Мұның бәрі жақсы нәтиже беріп жатыр. Әдеттегідей шаһар түлектері ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетті. Сондықтан, ерекше алғысымды ұстаздар мен ата-аналар қауымына білдіремін. Біз сіздердің ұдайы қолдауларыңыз бен тәрбие берулеріңіздің, ерен еңбектеріңіздің арқасында осындай жетістікке жеттік", - деді Есімов.

Сонымен, биыл жергілікті бюджет қаржысынан 1500 педагог сыйақы алады, олардың ішінде 1000 жас маманға 150 мың теңгеден, білім беруде жоғары көрсеткішке жеткен 500 үздік педагогқа 300 мың теңгеден беріледі. Өткен жылы мұғалімдердің сыйақысына қала бюджетінен 300 миллион теңге бөлініп, 1000 үздік педагог 300 мың теңгеден сыйақы алды.

Еске сала кетейік, Алматыда түлектердің 77 пайызы "Алтын белгіге" лайық екендіктерін дәлелдеді, ал республика бойынша бұл көрсеткіш - 52 пайыз. 78 оқушы 120 балл алса, №90 лицейдің түлегі Анастасия Яковлева ең жоғарғы нәтиже - 125 балл жинады. "Жас түлек" фестивалі мектеп бітіруші түлектердің вальсі мен еліміздің жетекші өнерлі ұжымдарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course up  536.3  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer