22 маусым 2015 | 14:43

"Артем" базарының маңында болған жаппай төбелес: ІІМ үш қылмыстық істі тергеп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

ҚР ІІМ Астанадағы "Артем" базарының маңында болған жаппай төбелеске қатысты үш қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг барасында ведомствоның басшысы Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР ІІМ Астанадағы "Артем" базарының маңында болған жаппай төбелеске қатысты үш қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг барасында ведомствоның басшысы Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл дерекке қатысты ("Артем" базары маңындағы жаппай төбелес - Авт.) біз қазір үш қылмыстық істі тергеп жатырмыз. Бірінші іс "Артем" базарының қауіпсіздік қызметі мамандарына байланысты, олар қызметтік уәкілеттігін асырды ма, жоқ па анықталады. Біз мұны тексеріп, заңды бағасын береміз. Екіншісі - әйелдің айқайлағанын естіп, қауіпсіздік қызметінің мамандарына дене жарақаттарын салуға тырысқандарға қатысты. 18 адам ұсталды, олардың екеуіне айып тағылды, бұдан арғысын тексереміз. Бізде видеокамералар мен видеотіркегіштердің бейнежазбалары бар. Яғни бізде дәлел бар", - деді Қасымов.

Сонымен қатар, ІІМ басшысының айтуынша, жанжалға себепші болған әйелге қатысты сотқа дейінгі тексеру жүріп жатыр. "Қайыр тілеп, азаматтарға жабысқаны үшін біз оны жауапкершілікке тартамыз. Бізде жаңа бап бар емес пе? Біз оны әрине, жауапкершілікке тартамыз", - деді министр.

Жаппай төбелес туралы ойын жеткізген Қасымов оқиғаның тек Астана тұрғындарына емес, Интернетте жарияланғаннан кейін бүкіл қазақстандықтың құлағына жеткенін айтты. Ол бұл жанжалды тудырған әйелге толық сипаттама берді.

"Бұл оқиғаның болуына негізгі себепші азаматша - Лаура Баймұлданова. Ол ІІ топтағы мүгедек, ол мүгедектікке былтыр өткен, ажырасқан, үш баласы бар. Алматы шетіндегі Қалқаманда тұрады. Қайыршылықпен айналысады және балаларын да осыған үйретіп жүр. Қайыр тілеп, азаматтарға жабысқаны үшін жаңа бап бойынша үш рет Алматыда жауапқа тартылған", - деді министр. Ол елордаға қайыр тілеу үшін Өзбекстан азаматшасымен бірге барған. 

"Әйел "жұмысына" кешкілік "Артем" базарына барған. Әрине, әйелді қауіпсіздік қызметі кіргізбеген. Бұл жұмысты жақсы білетін, психологиялық тұрғыда бұған дайын болған әйел айқайлап, шу көтере бастаған. Сөйтіп көптеген келушінің назарын аудартты", - деді Қасымов.

"Бірден айта кетейін, ешкім дене жарақатын алған жоқ, мүлікке зақым келген жоқ, базар бұрынғыдай жұмыс істеп тұр", - деп сөзін аяқтады Қасымов.

Бұған дейін "Артем" базарының маңындағы жаппай төбелес туралы дақпырт әңгіме таратқандардың жауапкершілікке тартылатыны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, жаппай төбелес 17 маусым күні кешке болды. Полицейлер бұл оқиғаға қатысы бар 18 қатысушыны мән-жайды анықтау үшін ұстады. Ішкі істер органдарының қызметкерлері бір тәулік бойы базарды күзетті.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course up  536.3  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer