Ақсу қаласында тұрғын үйдің жертөлесінен бір жасар қыз табылды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Ақсу қаласында тұрғын үйдің жертөлесінен бір жасар қыз табылды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Порталдың мәліметінше, қызды анасы тастап кеткен. Қала тұрғындары қазіргі таңда ауруханаға жатқызылған қызға ойыншықтар мен жөргектер жинап жатыр.
"Бала пәтер иелері кооперативіндегі дәнекерлеу бөлмесінен табылған және қазіргі уақытта Ақсу қаласының балалар ауруханасына орналастырылды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары қыздың анасын тауып алды. Баланың анасына қатысты ҚР ҚК-нің ("Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндетін ешбір себепсіз тиісті деңгейде немесе мүлдем орындамау") 140-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген жарияланымда.
Айта кетейік, жертөледе қызын жалғыз қалдырған ана 60 тәулікке қамалуы мүмкін немесе 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.