Астанада 21 жер телімі аукционға шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 21 жер телімі аукционға шығарылды © ria.ru

Астанада 21 жер телімі аукционға шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада 21 жер телімі аукционға шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанада өнеркәсіптік-азаматтық нысандарды жобалау, салу және уақытша нысандарды орналастыру үшін жер телімдерін жалдау құқықтарын сату бойынша аукцион өткізілді. Астана қалалық Мемлекеттік сатып алулар басқармасының хабарлауынша, аукционға шығарылған 21 жер телімінің 18-і сатылды.

"Жалпы аукционға қатысуға 114 өтініш қабылданды. Аукционда сатылмаған 3 жер телімі келесі аукционға қалдырылды. Аукцион ағылшын әдісі бойынша өтті, сатып алынатын заттың бастапқы бағасы алдын ала хабарланған қадаммен көтеріліп, ең жоғары баға ұсынған бір қатысушы қалғанша жалғасты. Жалпы саудаға 120 жер телімі шығарылады", - дейді әкімдіктегілер.

 

 
Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.48  course up  592.04  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети