23 маусым 2015 | 13:43

Алматыда 3 жасар қыз тіреуіш болмағандықтан көпірден құлады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Николай Колесников © Николай Колесников

Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған биіктігі төрт метрлік көпірден 3 жасар қыз құлап кетті. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы оның анасы Наталия Құрбанова айтып берді. Оның айтуынша, қызының көпірден құлауына вандалдар сындырған әйнек қабырғалар себеп болған. Айта кетейік, көпір Әл-Фараби даңғылының Марков пен Шашкин көшелерімен қиылысының ортасында орналасқан.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған биіктігі төрт метрлік көпірден 3 жасар қыз құлап кетті. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы оның анасы Наталия Құрбанова айтып берді. Оның айтуынша, қызының көпірден құлауына вандалдар сындырған әйнек қабырғалар себеп болған. Айта кетейік, көпір Әл-Фараби даңғылының Марков пен Шашкин көшелерімен қиылысының ортасында орналасқан.

Ол қызымен бірге жолды кесіп өтпек болғанын айтты. Әйел жол бойы қызын қолынан ұстап келген. Бірақ баспалдаққа келгенде қыз алдыға қарай жүгіріп кетеді. Кішкентай қыз баспалдақтан әйнек тіректі ұстап түсіп келе жатқан. Әйнектердің бірі жоқ болып шығады. "Ол құлап кетті. Есінен танып, дем алмай қалды. Мен оған жасанды дем алдырдым. Жедел жәрдем 7 минуттан кейін келді. Қызым бассүйек-ми жарақатын алды, миы мен желке сүйегіне зақым келді. Жағдайы ауыр. Жаңа ғана жан сақтау бөлімінен шықтық", - деді ол.

Айта кетейік, оқиға 13 маусымда болды. Әйелдің айтуынша, ол басында қызының құлағаны туралы хабар бермеймін деп ойлаған. Бірақ кейін басқа тұрғындарға да ескерту керек деп шешкен. Әйнектің орнында болмауын ол вандалдардан көріп отыр. "Осыдан бір апта бұрын ғана осы жермен жүрдік. Бәрі орнында болатын", - деді ол. Оның күйеуі балалар тағы да құлмауы үшін әйнек жоқ жерді сары жіппен байлап қойыпты. Айта кетейік, оқиға болған күннен бастап 23 маусымға дейін ол жер әлі қалпына келтірілмеді. 

Қоғам белсендісі Әрсен Шәкуов оқиғаны білген соң Алматы әкімдігіне көпірді жөндеп, қалған әйнектерді салу туралы ұсыныс жасайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, тіреуіштерді әйнектен емес, темір немесе пластиктен жасау керек. "Бұрынғы заманға оралуға тура келеді. Әйнектің орнына темір тор орнату керек. Бұл оқиға вандалдардың кесірінен болды. Алматыдағы әр көпірге полицей қоя алмаймыз, сондықтан да камера орнату керек", - деді ол. Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдікке хабарласқанда, олар ресми сауал жолдауды сұрады.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course down  536.3  course down  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer