25 маусым 2015 | 17:10

Бердібек Сапарбаев "ұйқышылдық ауруына" шалдыққан ауылға барды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрация. © Тengrinews.kz Иллюстрация. © Тengrinews.kz

ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев "ұйқышылдық ауруына" шалдыққан ауылға барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев "ұйқышылдық ауруына" шалдыққан ауылға барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Бердібек Сапарбаев Ақмола облысы Есіл және Жарқайың аудандарына Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмыс сапарымен барды. Сапардың алғашқы пункті Калачи ауылы мен Красногорск ауылы болды, мұнда вице-премьер жергілікті тұрғындармен кездесіп, сұхбаттасып, оларды қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.

"Ұйқышылдық ауруына" шалдыққан ауылға барған Сапарбаев ҚР Ұлттық ядролық орталықтың осы жердің экологиялық жағдайын зерттеу бойынша жұмыс барысы туралы мәліметін тыңдады. Орталықтың өкілдері "ұйқышылдық ауруының" болжалды себептерін атады. 

Энергетика министрлігі радиация деңгейін анықтауға арналған дозиметрмен, сондай-ақ автоматты газ талдауышымен жабдықталған көшпелі экологиялық зертхананы пайдалану арқылы атмосфералық ауаның ластануына тұрақты мониторинг жүргізеді. Ғылыми зерттеулерді жалғастыру мақсатында Үкімет 379 миллион теңге бөлді.

Мәліметке сәйкес, 2015 жылдың 19 маусымындағы жағдай бойынша, 65 отбасы (176 адам, оның ішінде 54 бала) көшірілген. Көшуге қажетті барлық көмек тегін көрсетіліп жатыр. Калачи ауылының тұрғындарына медициналық көмек көрсету әкімдіктің ерекше бақылауында. Соңғы уақытта "ұйқышылдық ауруының" жаңа жағдайлары тіркелмеген.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы барасында Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысындағы Калачи және Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылдары тұрғындарының денсаулығын қорғауға қатысты мәселелерді тездетіп реттеу қажетін айтты. "Калачи ауылындағы құбылыстың себебі неден екенін әлі ешкім дұрыстап түсіндірген жоқ. Құзырлы органдар жағдайды анықтай алмаса, қажетті сарапшылары жоқ болса, онда шетелдіктерді шақырып, бұл істі соларға тапсыруы керек еді", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Сапарбаевтың жұмыс сапары Есіл қаласында жалғасын тапты, онда вице-премьер Калачи және Красногорск ауылдарының тұрғындарын көшіруге арналған 73 және 45 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс барысын тексерді. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша бұл мақсаттарға Үкімет республикалық бюджеттен 2 миллиард теңге бөлді, облыс әкімдігі олардың еңбекпен қамту мәселелерін шешіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer