Астанада автобуспен соқтығысқан бетон араластыратын машина жүргізушісінің бас бостандығына бір жылға дейін шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есіл аудандық сотының үкімі заңды күшіне енді, ол үкім бойынша Мевлюд оғлы Рәсім Нұриеұлы ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соғуы") кінәлі деп танылған және оған бас бостандығына бір жылға дейін шектеу қою туралы жаза тағайындалған.
Еске сала кетейік, Астанадағы жол-көлік оқиғасы 22 қараша күні кешкісін Қабанбай батыр мен Керей-Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында болды. КамАЗ жүргізушісі № 43 бағытты автобуспен соқтығысып қалды. Нақтыланған мәлімет бойынша, 24 адам медициналық мекемелердің көмегіне жүгінді, олардың бесеуі ауруханаға жатқызылды.