Оңтүстік Қазақстанда қоқыс жәшігінен өлі нәресте табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстанда қоқыс жәшігінен өлі нәресте табылды © Rings.ru

Оңтүстік Қазақстан облысында көшедегі  қоқыс жәшіктерінің бірінен нәрестенің денесі табылды, - деп хабарлайды Otyrar.kz облыстық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзоваға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысында көшедегі  қоқыс жәшіктерінің бірінен нәрестенің денесі табылды, - деп хабарлайды Otyrar.kz облыстық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзоваға сілтеме жасап. 

Басылымның мәліметінше, құқық қорғау органдарына бұл туралы Әл-Фараби ауданының тұрғыны хабарлаған. Оқиға орнына жедел тергеу тобы дереу жетті. "Сараптама қорытындысы бойынша нәрестенің өлі туылғаны анықталды. Ол 3-4 айлық, яғни өлі туылған. Қазір осы іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, мәліметтер жинақталады", - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

Еске сала кетейік, бұған дейін де Шымкенттегі қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылған болатын. Нәрестенің мәйітін медициналық орталықтардың бірінің күзетшісі тауып алды. Емхананың маңындағы қоқысты жиыстыруға келген күзетші құрылыс материалдарының арасында жатқан қалтаны көреді. "Ішін ашқан кезде нәрестенің жатқанын көрдім. Полицейлерге дереу қоңырау шалдым", - деді ер адам.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети