29 маусым 2015 | 10:45

Қазкомның басқарушы директоры тағайындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Айгүл Жайлаубекова. © "Қазкоммерцбанк" АҚ баспасөз қызметі Айгүл Жайлаубекова. © "Қазкоммерцбанк" АҚ баспасөз қызметі

Айгүл Жайлаубекова "Қазкоммерцбанк" АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол банкте корпоративтік бизнесті дамыту бойынша жұмыстарды басқарады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Айгүл Жайлаубекова "Қазкоммерцбанк" АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол банкте корпоративтік бизнесті дамыту бойынша жұмыстарды басқарады.

"Жайлаубекова ханым - Қазақстандағы және шетелдердегі әлемдік жетекші банктерінде сонымен қатар MeesPierson N.V. және ING Bank N.V. банктердің Нидерландыдағы бас кеңсесі мен ING Bank N.V. Қазақстандағы өкілдігіндегі жұмысы кезінде жинақталған басқарушылық және коммерциялық жұмыстарда 18 жылдан артық тәжірибесі бар білікті банк жетекшісі", - делінген банктің хабарламасында.

Бұған дейін Жайлаубекова 2014 жылы 28 қарашада Қазақстанның Халық Банкіне HSBC Bank Kazakhstan АҚ ЕБ сату нәтижесінде Altyn Bank АҚ болып аталған банктің басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Сонымен қатар, оның жергілікті нарықтағы жұмыс тәжірибесі HSBC Kazakhstan (2011-2014) және Citibank Kazakhstan (2007-2011) қаржы ұйымдарының еншілес банктердің Басқарма төрағасының орынбасары ретінде қызметтерінен жинақталады. Онда ол аталған банктердің стратегиялық және басқарушылық сұрақтарын шешу жөніндегі жұмыстарға қатысып, корпоративтік клиенттермен ынтымақтастық жөніндегі барлық аспектілерге жетекшілік етті.

"Жайлаубекова ханым YPO (Young Presidents Organisation) - Жас президенттер ұйымының (бизнес иелері мен бірінші басшыларының халықаралық коммерциялық емес ұйымы) Қазақстандық бөлімшесінің құрамына кіреді, Қазақстанның қаржы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін "Теңгеге 20 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталған", - дейді банктегілер.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer