29 маусым 2015 | 12:28

Түркістанда полицейлерге жұдырық ала жөнелген әйел қамауға алынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© YouTube © YouTube

Түркістанда полицейлерге жұдырық ала жөнелген әйел қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға түсірілген видео осыған дейін "ВКонтакте" желісінде жарияланған болатын.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістанда полицейлерге жұдырық ала жөнелген әйел қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға түсірілген видео осыған дейін "ВКонтакте" желісінде жарияланған болатын.

Айта кетейік, осыған дейін әйел адам баласын құқық қорғау органы қызметкерлерінің көлігінен шығару мақсатында полицейге шабуыл жасағанын хабарлаған едік. Оның мұндай қадамға күйеуі үшін барғаны кейін белгілі болды. Облыстық ІІД оқиғаның жай-жапсарын айтып берді.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, 24 маусымда жол-патруль қызметкерлері рұқсат етілмеген жерге қойылған Audi автомобилін байқайды. Полицейлер жүргізушіден құжаттарын сұраған. Ер адам бермейтінін айтады. Осыдан кейін құқық қорғаушылар одан хаттама толтыру үшін полиция көлігіне жүруін сұрайды. Осы кезде жүргізушінің әйелі келіп, полицейлерді балағаттап, құқық қорғау органының қызметкерінің погонын жұлып алған. Бірнеше уақыттан кейін әйел адамға ағасы көмекке келді. Ол да полицейлерді балағаттады.

Нәтижесінде үшеуі де ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізіді. 27 жастағы әйел АІІБ-да жүктіліктің алтыншы аптасында екенін айтып, босатуларын сұрады. Сараптама қорытындысы бойынша оның жүкті емес екені белгілі болды. Қазір оқиға бойынша "Билік өкілдерін қорлау", "Билік өкілдеріне бағынбаушылық" және "Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану" баптары бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Ол 20 мың АЕК-ке дейін айыппұл төлеуі немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оның ағасы мен күйеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Оларға қатысты "Билік өкілдерін қорлау", "Билік өкілдеріне бағынбаушылық" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ескерту, бейпіл сөздер қолданылған!    

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer