Қазақстанда мобильді Интернеттің орташа жылдамдығы секундына 10,47 мегабайтқа дейін өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NetIndex порталына сілтеме жасап. Көктемде бұл көрсеткіш секундына 8,8 мегабайт болатын, Қазақстан енді 63-шы орыннан 58-ге көтерілді. 

Рейтинг SpeedTest сервисінің негізінде жасалды. Бұл сервис арқылы әр елдегі Интернет қолданушылары провайдерінің сапасын тексере алады. Қазақстан Ресей, Беларусь пен Әзірбайжанды артқа тастап, ТМД елдері арасында көшбасшы атанды. NetIndex мәліметін бойынша, Интернеттің ең жоғары жылдамдығы Жаңа Зеландия, БАӘ мен Данияда. Айта кетейік, бұл ерлдерде Интернет жылдамдығы секундына 27 мегабайттан жоғары.
Айта кетейік, Қазақстанда кең жиілікті Интернеттің орташа жылдамдығы секундына 19,08 мегабайтқа дейін жетті. 2015 жылдың мамырында бұл көрсеткіш елімізде секундына 18,46 мегабайт болатын. Осының арқасында Қазақстан 58-ші орыннан 54-ке көтерілді. ТМД елдері арасында Қазақстанның алдына секундына 29,97 мегабайт жылдамдықпен Ресей ғана шықты. Рейтинг лидерлері - Сингапур, Гонконг және Жапония, бұл елдерде көрсеткіш секундына 97 мегабайтқа дейін жетті. Соңғы орындарда - Бенин, Гамбия және Гвинея.