01 шілде 2015 | 09:08

Ташкент шекарадағы қазақстандықтың өліміне түсінік берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© КТК © КТК

Өзбекстанның ресми билігі Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғынының Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасындағы қазасы жайлы түсінік берді. Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік қызметі Мемлекеттік шекараны қорғау комитеті Сырдария өзенінде өзбекстандық шекарашылардың оқ ататын қару қолданғандарын растап, оқтың атылу себебін қазақстандықтардың шекараны кесіп өтуге талпынғандарымен байланыстырды. Бұл туралы Podrobno.uz басылымы ӨҰҚҚ МШҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстанның ресми билігі Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғынының Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасындағы қазасы жайлы түсінік берді. Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік қызметі Мемлекеттік шекараны қорғау комитеті Сырдария өзенінде өзбекстандық шекарашылардың оқ ататын қару қолданғандарын растап, оқтың атылу себебін қазақстандықтардың шекараны кесіп өтуге талпынғандарымен байланыстырды. Бұл туралы Podrobno.uz басылымы ӨҰҚҚ МШҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

"2015 жылдың 28 маусымында Өзбекстанның Мемлекеттік шекарасын ЖП №178 ауданында заңсыз кесіп өту әрекеті болды. Шекараны кесіп өткен екі адамға қару қолданылды, нәтижесінде біріне оқ тиіп, қаза тапты. Арнайы тексеріс кезінде Қазақстан азаматтарының шекараны заңсыз кесіп өткені анықталды", - делінген хабарламада.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, ӨҰҚҚ МШҚК "қазақстандық әріптестерін тұрғындарға Қазақстан мен Өзбекстан шекарасын кесіп өтпеу үшін профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын өткізуге шақырды".

Еске сала кетейік, 29 маусымға қараған түні Сырдария өзенінде 36 жастағы Уәлихан Ахметов өзбекстандық шекарашылардың қолынан қаза тапты. Ол балық аулауға серіктесімен бірге шыққан. Жеті баланың әкесінің денесі қайығынан табылды.


Уалихан Ахметов. © ktk.kz

Өзбекстан шекарашылары қазақстандықтардың шекараны заңсыз кесіп өткенін айтты. Дегенмен, қаза тапқан ер адамның серіктесі мұны жоққа шығарып отыр. Ол оқ жағаға жүзіп жетуге 10 метр қалғанға дейін атылғанын айтты.


© ktk.kz


© ktk.kz


Уәлиханның ең кішкентай ұлы 1 жаста. © ktk.kz

Қазақстан СІМ оқиғаны мұқият тергеуді талап етті. Сонымен қатар, Қазақстан Өзбекстанға наразылық нотасын жолдады. Олар шекара кесіп өтті делінген Қазақстан азаматтарына Өзбекстан тарапынан оқтың атылуын ақылға қонымсыз тәсіл деді. 

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer