01 шілде 2015 | 11:50

Қазақстанға Қырғызстаннан қандай көлік әкелуге болады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Николай Колесников © Николай Колесников

ЕАЭО-ға кіргеннен кейін Қырғызстан автокөліктеріне қандай талаптардың қойылатыны туралы ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ЕАЭО-ға кіргеннен кейін Қырғызстан автокөліктеріне қандай талаптардың қойылатыны туралы ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Отандық автопромды қырғыздың арзан импортынан қорғау мақсатында, Қазақстан нарығына тек Қырғыз Республикасының аумағына 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін кіргізілген автокөліктерді өткізу белгіленді. Дегенмен, олар "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы "техникалық регламенттерге сай болуы тиіс", - деп хабарлады ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, Қырғызстанның ЕАЭО құрамына кіруі туралы келісімшартқа қатысты баяндамасын оқу барысында.

Сонымен қатар, ол Қытай тауарларын қайта экспорттауға қатысты талаптардың енгізілгенін мәлімдеді. Сөйтіп, Қырғызстан аумағы арқылы бірінші кезекте қытай тауарларын қайта экспортқа шығаруға жол бермеу үшін, тауарды жеткілікті өңдеу өлшемі туралы талаптарды жою жөнінде келісім жасалды, оған сәйкес қосылған құнның пайыздық үлесі 50 пайыздан кем бола алмайды. Сонымен қатар, ТМД шеңберінде 2009 жылғы 20 қарашадағы тиісті Келісімде белгіленген тауарлардың шығарылған елін айқындау өлшемі қолданылады.

Министрдің айтуынша, Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа кірген сәттен бастап екі жылдың ішінде тауар айналымы екі есеге артады. Айта кетейік, Мәжіліс "2014 жылдың 29 мамырындағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдады.

Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіргені Мәскеуде 8 мамыр күні белгілі болды. Енді оған мүше елдердің барлығы ол келісімшартты бекітуі керек.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer