01 шілде 2015 | 12:40

Синоптиктер Қазақстанда шілде айының ауа райы қандай болатынын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Николай Колесников © Николай Колесников

Қазақстанда шілденің бірінші онкүндігінде салқын, желді әрі жаңбырлы ауа райы күтіліп отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қазгидромет" мамандары хабарлады. Олардың айтуынша, ең салқын күндер алдағы демалыста болады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда шілденің бірінші онкүндігінде салқын, желді әрі жаңбырлы ауа райы күтіліп отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қазгидромет" мамандары хабарлады. Олардың айтуынша, ең салқын күндер алдағы демалыста болады. 

Болжам бойынша, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін, солтүстіктің кей жерлерінде, солтүстік-шығыс пен орталықта 25 метрге дейін жетеді. Түнгі ауа температурасы оңтүстікте 15-20 градусқа дейін, солтүстікте пен орталықта 7-12 градусқа дейін төмендейді, Қостанай облысының кей аудандарында 4 градус жылы, ал солтүстік пен орталықта күндіз 12-17, оңтүстікте 25-30 градус ыстық болады. "Сонымен қатар, жаңбыр, кей жерлерде қатты жауын жауады, солтүстіктің кей аудандарында, орталықта және шығыста найзағай ойнайды", - дейді синоптиктер.

Мамандардың айтуынша, шілденің екінші онкүндігінде күн жылы әрі ашық болады. Солтүстік-батыс және солтүстікте күндізгі ауа температурасы 28-33-ке дейін, батыста 33-38, оңтүстікте 35-40, орталық пен шығыста 30-35 градусқа дейін көтеріледі. Айта кетейік, шілденің екінші онкүндігінің аяғы мен үшінші онкүндігінде күн қайта суытып, жел күшейіп, жауын жауады.

"Шілдеде батыста ғана ыстық болады деп күтіліп отыр, ауа температурасы нормадан 1 градусқа жоғары болады. Еліміздің өзге аймағында температуралық режим орташа климаттық норма шеңберінде болады", - дейді Қазгидрометтегілер. Ведомствоның мәліметінше, жауын-шашынның бір айлық көлемі нормадан төмен болады - Батыс Қазақстанда, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағандының басым бөлігінде, Жамбыл және Қызылорда облысының кей аудандарында; нормадан жоғары болатын аймақтар - оңтүстіктің таулы және тау бөктеріндегі аудандары, оңтүстік-шығыс және шығыс, ал еліміздің қалған аймақтарында жауан-шашынның көлемі нормаға сай болады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer