01 шілде 2015 | 22:22

Қиын кезеңде шетел инвесторларын тарту үшін өтірік айтуға мәжбүр болдым - Назарбаев

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©"Хабар" телеарнасының кадры ©"Хабар" телеарнасының кадры

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "С Назарбаевым о главном" деректі фильмінде 90 жылдары шетел инвесторларын Қазақстанға тарту үшін өтірік айтуға тура келгенін мойындады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "С Назарбаевым о главном" деректі фильмінде 90 жылдары шетел инвесторларын Қазақстанға тарту үшін өтірік айтуға тура келгенін мойындады. 

"90 жылдардың басында, катастрофалық жылдар болды, Кеңес Одағы құлады, бар экономика мемлекеттік социалистік меншікте тұрды, барлық зауыттар, фабрикалар, балабақшалар, дүкендер, барлығы - мемлекетке тиесілі болды. Олар тиімсіз жұмыс істеді, мемлекет төменде тұрған құрылымдарға нақты мақсаттар үшін қайтарымсыз қаражат берді. (...) Тіпті пәтерлерге электр тогы жетпеді, шамдар, жылу электр станциялары берілмеді, шай кварталдарда, көшелерде қайнатылды. Міне осындай аянышты жағдайда болдық", - деді мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы инвесторларды тарту ісінде қулықтарға баруға мәжбүр болғанын мойындады. "Өтірік сөйлемейін, сол кездерде маған деген сенім болды. Әрине, өтірік айттық. Қазақстан үлкен, тоғызыншы территория, бізде байлық бар. (...) Мен Америкаға ұшақты толтырып алып, бардым. Үлкен бизнес-кездесу болды. Сол уақытта Нұрлан Смағұлов машиналарды сатып жүрген, оған "Міне біздің машинақұрылыс магнатымыз" дедім. Немесе Болат Әбілов спорт киімдерін сатып жүрді, мен оны "сауда алыбы" деп айтатынмын. Олар күлді, Субханбердин болды, тағы да көп адам болды. Кейін "Бұл болса үлкен қаржыгер" деймін. Ал олар бізде де сондайлар бар деп ойлады. Дым да болған жоқ, бірақ қазір пайда болды ғой", - деді Назарбаев.

"С Назарбаевым о главном" деректі фильмінің трансляциясы "Хабар" және КТК телеарналарынан өтіп жатыр. Мемлекет басшысымен телерадиокешеннің Президенті Ерлан Бекхожин әңгімелесу үстінде. Сұхбат кезінде партиялық күрес, президенттік билік мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, фильмде архив кадрлары тұңғыш рет көрсетіліп отыр.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.72  course down  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer