Энрике Иглесиас көлікті жүргізу куәлігінсіз басқарғаны үшін қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энрике Иглесиас көлікті жүргізу куәлігінсіз басқарғаны үшін қамауға алынды ©TMZ.com

Танымал әнші Энрике Иглесиас көлікті жүргізу куәлігінсіз басқарғаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды TMZ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал әнші Энрике Иглесиас көлікті жүргізу куәлігінсіз басқарғаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды TMZ

Аты аңызға айналған тенор Хулио Иглесиастың баласы Cadillac Escalade автомобилін жүргізіп келе жатқанда оны тәртіп сақшылар тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде оның жүргізу куәлігінің мерзімі өтіп кеткен болып шығады. Ұстау кезінде Иглесиас жолаушы орнына тур-менеджерімен ауысып алғысы келген. Қорытындысында екеуі де қамауға алынды.

Айта кетейік, әнші Хулио Иглесиас пен тележүргізуші Исабель Прейслердің баласы Энрике бұған дейін де мерзімі өтіп кеткен куәлікпен көлік жүргізгені үшін ұсталған болатын. Бұл жағдай биылғы мамырда болған еді. Әнші сол уақытта да жолаушы орнына ауысып алып, жауапкершіліктен құтылып кетпекші болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети