02 шілде 2015 | 07:15

МС Сайлаубекті мазақ еткендер сотқа тартылатын болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©"КТК" кадры ©"КТК" кадры

МС Сайлаубектің туыстары көпшіліктен оны келеке қылмауды талап етті. Ендігі жерде олар бауырларына арақ беріп, өзіне ғана түсінікті тілде ән айтқызып, ғаламторға салғандарды сотқа береді, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

МС Сайлаубектің туыстары көпшіліктен оны келеке қылмауды талап етті. Ендігі жерде олар бауырларына арақ беріп, өзіне ғана түсінікті тілде ән айтқызып, ғаламторға салғандарды сотқа береді, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Туыстарының айтуынша, қазір үйден маза кеткен. Себебі, бірге суретке түспекші болып, Сайлаубекті арнайы іздеп келетіндер күн-түнге қарамайды екен. Қызық іздеген жұрттың бұл қылығына әбден ашынған Сайлаубектің бауырлары телеарна тілшілеріне сұхбат берді.

Сайлаубектің отбасындағы өзге 8 бала қазіргі уақытта Атырау өңіріне белгілі ғалым-оқытушылар екен. "9 баламыз. 5 ұл, 4 қыз. Барлығымыз да елге қызмет етіп жатырмыз. Бірақ, бес саусақ бірдей емес дейді. Біздің ортамыздан осындай інішегіміздің келеңсіз жағынан көрінгені өте өкінішті. Айналадағы адамдар пайдаланып, оны жаман жағынан көрсеткені бізге өте батып тұр", - деді Сайлаубектің апасы Әлия Қабдыхамит.

Ал Сайлаубектің қарындасы Жанаргүл Қабдыхамиттің айтуынша, олар қатал шараға баруға мәжбүр. "Егер де жай сөзді түсіну керек. Сайлаубектің соңынан  қалмай түсірулерін қоймайтын болса, біздер қуынып, заңды орындарға арыздарымызды береміз. Және шара қолдануға әзірміз, жанұя атынан айтарымыз сол", - деді ол.

Сонымен қатар, Сайлаубектің бауырлары теларна тілшілеріне оның қандай екенін айтып берді. Айтуларынша, Сайлаубек мектепте тіл мен әдебиетке, ән-жырға өте жақын болған. Тіпті, түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды да иемденген. Мұны Сайлаубектің өзі де растап отыр. Сіз бен біз түсіне бермейтін тілде ән айтатын ол бүгін Махамбеттің жырын оқып берді. 

Сайлаубектің айтуынша, көпшілікке белгілі боламын деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмеген. Тек әлдекімдер мұның ән айтқанын камераға түсіріп алып, ғаламторға салып жіберген. Сайлаубектің өзі істің бұлайша насырға шауып кететінін білмедім дейді.

Сайлаубек Қабдыхамиттің айтуынша, ол әнді өзі үшін айтып жүрген. "Былай өзім үшін  айтып жүрдім. Ондай ой болған жоқ, шығып кетем деген. Естіген өлеңдер ғой бұрынғы.

"Сайлаубек өзгелер айтып жүргендей емес, ақыл-есі сау адам. Орта кәсіби білім алған. Үйленбеген. Тек ащы суға әуестігі бар екен. Ауызына арақ тисе өзгеріп сала беретін Сайлаубектің бауырларының көпшіліктен ендігі сұрары - оны жайына қалдыру. Әйтпесе, қызық қуғандар құқық қорғау органдары алдында жауап бермек", - деп хабарлады тілшілер.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.72  course down  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer