4 шілдеде Астанадағы "Сарыарқа" велотрегі кешенінде қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" турнирінің 2015 жылғы жеңімпазы анықталады. Қазақстандықтар барлық белдесулерді тікелей эфирде "КazSport" арнасынан тамашалай алады, - деп хабарлайды Massaget.kz басылымы телеарнаның ресми сайтына сілтеме жасап.

Дүбірлі доданы "KAZsport" телеарнасы 4 шілде күні 12:50-ден бастап барлық белдесулерді тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, жарыстың финалдық кездесулері "Қазақстан" ұлттық телеарнасында 17:45-те тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетейік, 2015 жылғы "Қазақстан барысы" турнирі Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы мен Конституцияның 20 жылдығына арналып отыр. 4 шілде күні өтетін шешуші кезеңде боз кілемдегі балуандар белдесуінен өзге мерекелерге орай театрландырылған қойылымдар қойылады. Сонымен қатар, танымал тұлғаларды да қонақ ретінде шақырмақ. Жиналған жанкүйерлер арасында ұтысқа автомобиль ойнатылады.