02 шілде 2015 | 11:32

Қазақстан Парламенті судьяларды өмірлік қамтамасыз ету туралы заңды мақұлдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Парламенті судьяларды өмірлік қамтамасыз ету туралы заңды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Сенат депутаттары "ҚР Конституциясының Қазақстан Республикасының судьяларының сот жүйесі мен мәртебесі туралы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Парламенті судьяларды өмірлік қамтамасыз ету туралы заңды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Сенат депутаттары "ҚР Конституциясының Қазақстан Республикасының судьяларының сот жүйесі мен мәртебесі туралы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады.

Конституциялық заңның бұл жобасы судьялардың зейнетақысын қамтамасыз ету институтының қайтақұрылымдауы жолымен отставкадағы судьяларды ай сайын өмірлік қамтамасыз етуді енгізуді қарастырады.

Заң жобасы отставкадағы, 15 жылдан кем емес судьялық өтілі бар және зейнет жасына жеткен судьяларға заңмен бекітілген өмірлік қамтамасыз етуді қарастырады. Бұл төлемдерден салық ұсталмайды.

"Бұл жауапты әрі қиын жұмысты 15 жылдан аса уақыт бойы абыроймен атқарған судьяларға көрсетіліп отырған мемлекеттің тарапынан құрмет пен қамқорлық. Өмірлік қамтамасыз ету барлық судьяларға берілмейді, тек еңбек сіңіріп отставкаға шыққандарға. Бұл заң судьяларды ең жауапты қызметте, сот төрелегін айтуда барынша шыншыл, әділ әрі адал болуға шабыттандырады", - деді депутат Бектас Бекназаров баяндамасында. 

"Бұл төлемдер судьяның соңғы атқарған қызмет орнындағы еңбекақы мөлшерінің 50 пайызы көлемінде ай сайын жүзеге асырылып отырады, алайда соңғы атқарған қызмет орнындағы еңбекақы мөлшерінің 65 пайызынан және сәйкес қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген жүз тоғыз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек", - деп нақтылады сенатор Бекназаров.

Оның айтуынша, бұл заң 2016 жылдың 1 қаңтарында заңды күшіне енеді. Ол отставкадағы 508 судьяға қатысты қолданылады. "Ал егер отставка тоқтатылса немесе үзілсе өмірлік қамтамасыз ету төлемдері де тоқтайды", - деді сенатор.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.72  course down  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer